$ 446.49  475.38  4.79

Қаза тапқан қорықшының отбасынан браконьерлердің бүтін бір ауылы кешірім сұрап отыр

«Адам өлтіргені үшін түрмеге қамау – әділ шешім. Дегенмен, ғұмырының соңына дейін абақтыға қамау – тым ауыр», - дейді олар.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендердің туыстары мен ауылдастары жиналып, марқұмның жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, KTK арнасына сілтеме жасап.

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Шүкілдіков, Ахметов және Ақшановтың туып-өскен Абай ауылының тұрғындары алдымен марқұм Ерлан Нұрғалиевке құран бағыштады. Сосын жиналған жұрт марқұмның отбасынан кешірім сұрады. Қылмыскерлердің туыстары мен ауылдастары қорықшының отбасы кешірім берсе, үш азаматтың жазасы жеңілдей ме деп үміттенеді.

«Адам өлтіргені үшін түрмеге қамау – әділ шешім. Дегенмен, ғұмырының соңына дейін абақтыға қамау – тым ауыр», - дейді олар.

Сондықтан бүтін бір ауылдың халқы сотталғандарға басқа жаза тағайындауды сұрап отыр.

«Балалар күнде «Әкешім қайда?» деп сұраған кезде айтуға сөз таппай қаламыз. Тек жазасын жеңіл қылыңыздар. Кінәлі емес демейміз, кінәлі. Бірақ, кінәнің де өз шегі болады. Ортаға, бала-шағасының арасына, мейлі кәрі болсын, бірақ, қайтып келуін сұраймыз», - деді сотталған Қайрат Ақшановтың жары Жанар Ақшанова.

Тағы оқи отырыңыз: «Қорықшыға шабуылдаған браконьер 20 жылға дейін сотталуы мүмкін» - Ішкі істер министрі

Қорықшы өлімі бойынша сотта күдіктілер тағылған айыпты мойындамады

Қорықшы өліміне қатысты өткен сот отырысында адам сенгісіз жайттар айтылды

Еске сала кетсек, биыл табиғат қорықшысы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне және оның әріптесі Петр Ницыкқа жасалған әрекетке қатысы бар браконьерлерге қатысты сот үкімі шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары