Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда жұмыс істегісі келген 1543 шетелдік азаматқа коронавирусқа байланысты рұқсат беруден бас тартты, деп хабарлайды zakon.kz.
«Әлемде коронавирустың өршуіне байланысты біздің елімізде жұмыс істеп жатқан барлық шетелдіктер қатаң бақылауға алынған», - деді Нұрымбетов Үкіметтегі баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, Қазақстанға коронавирустың І,ІІ және ІІІ-санатына кіретін елдерден 7260 адам келген.
«Оған қоса, қауіпсіздік шаралары да қабылданды. Ақпан айында 1543 адам біздің елде жұмыс істеу үшін рұқсат сұрады. Енді оларға рұқсат берілмейтін болды. Қауіпті категориядағы елдердің азаматтарына елімізде жұмыс істеуіне рұқсат беру тоқтатылды.
Егер қазір бізде жұмыс істеп жүргендер өз Отанына оралғысы келсе, онда оларға кері қайтуға тыйым салынады. Мұндай талаптар бүгін жарияланды», - деп түсіндірді министр.