$ 514.65  544.6  5.17

Тұрғындарды балағаттағаны үшін жұмыстан қуылған әкім кешірім сұрады (ВИДЕО)

Әкім халыққа ауыз су уақытында жетпегеніне ашуланып, сол себепті аузына ие бола алмағанын мәлімдеді.

Аузына ие бола алмағанының кесірінен жұмыстан қуылған Алматы облысы Көктөбе ауылының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның кешірім сұраған видеосын @taldykorganec.insta тобының авторы Instagram-парақшасына жүктеді.

Әкім халыққа ауыз су уақытында жетпегеніне ашуланып, сол себепті аузына ие бола алмағанын мәлімдеді.

Тағы оқи отырыңыз:

Тұрғындарды балағаттап жатқан әкім ВИДЕОға түсіп қалды

Тұрғындарды боқтаған ауыл әкімі жұмыстан қуылды

«Мен өз-өзіме ие бола алмағаным үшін кешірім сұраймын. Аудан тұрғындары мереке күндерді не істегенімді және қандай стрессті бастан өткергенімді естіген шығар. Мен күні бойы ауыз су мәселесін шешуге тырыстым. Іс жүзінде ұйықтамадым және демалмадым. Мұның бәрін тұрғындарымыздың игілігі үшін жасадым. Осындай жағдайда тұрғындарға дөрекілік танытып, аузымнан ашулы түрде боқтық сөздер шығып кеткені үшін кешірім сұраймын», - деді Болат Жасыбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауыл әкімі