$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында Көрісу мен Наурызға бөлінген 35 млн теңге бюджетке қайтарылды

«13 наурыздан бастап төтенше жағдайға байланысты концерттік залдар мен мәдениет үйлері, кітапханалар, музейлер мен театрлар жұмысын уақытша тоқтатты», - деді Мира Дәулетбаева.

Атырау облысында көрісу және Наурыз мерекесі шараларына бөлінген 35 миллион теңге бюджетке қайтарылды. Бұл туралы облыстық Мәдениет, архив және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мира Дәулетбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Атырауда 284 мәдениет нысаны бар. 13 наурыздан бастап төтенше жағдайға байланысты концерттік залдар мен мәдениет үйлері, кітапханалар, музейлер мен театрлар жұмысын уақытша тоқтатты.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтетін спектакльдер мен концерттерге сатылған билеттердің 80 проценті қайтарылды. Сала қызметкерлерінің 70 проценті қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті», -деді Мира Дәулетбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары