$ 494.87  520.65  4.91

«Деңгейі осындай ұлтпыз ба біз?»: коронавирус анықталған аудан жастары көшеде көкпар тартуда (ВИДЕО)

«Ұстап, 15 суткаға қамау керек. Нағыз демократия дегеніміз сол!» - деп кейіді Бауыржан Серікбаев.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Әлеуметтік желілерде бір ауылдың ортасында атпен әрі-бері шауып, көшенің шаңын аспанға көтеріп, көкпар тартып жүрген жігіттердің видеосы тарап жатыр. Оны түсіріп тұрған адам оқиғаның Шамалғанда болып жатқанын айтып қалды. Ал ол дегеніміз – күні кеше ғана бір адамнан коронавирус дерті анықталған Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты ауыл, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сол видеоны желіге жүктегендердің бірі – белгілі қоғам белсендісі Бауыржан Серікбаев.

«Алматы облысы, Қарасай ауданынан коронавирус жұқтырған 1 адам табылды. Ал, қазағым көкпар тартып жүр. Бұл не өзі? Өркениет қайда? Мәдениет, өзгені сыйлау деген жоқ па? Деңгейі осындай ұлтпыз ба біз? Ұстап, 15 суткаға қамау керек. Нағыз демократия дегеніміз сол!» - деп кейіді ол, facebook парақшасында.

Өзге желі қолданушылар да Шамалғанды шаңға бөктірген шабандоздарды жетістіріп отырған жоқ. Оған қоса, жергілікті әкімдік пен полицейлерді де жерден алып, жерге салуда.

Тағы оқи отырыңыз: Талдықорған көшесінде көкпар тартқандар ұсталды (ВИДЕО)

Алматы облысының жолдарында рұқсатсыз көкпар тартқан азаматтар кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Жарыместер», «Санасыз», «Мыналарда ес жоқ», «Демек, полиция жұмыс істер жатыр деген өтірік қой», «Жергілікті полиция мен әкімдік жұмыс істемейді», «Ауылдың ішінде тартып жүргендері несі?! Жынды ма?», «Қазағым, оқыдық, көзіміз ашық деп ойлап жүрміз. Ал енді мынаны көрген соң, мәңгүрт деп айтқым келмесе де тіліме орала береді» дегендей ашу-ызаларына ерік беріп жатыр, видеоны көрген жұрт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары