$ 494.87  520.65  4.91

«Сотқа жеткіземін!»: заңгер министрден ұлттық киімдерді «жалаңаштарға» қорлатпауды талап етті (ФОТО)

«Бүкіл үкімет болып ұлттық құндылықтарға балайтын әрі ұлт болмысын дәріптейтін басты киімімізді қорғай алмай, немқұрайлылық танытып отырғандарыңыз үшін Сіздерді жауапқа тарту керек!» - деді ол.

Заңгер Камиша Есмұхамбетқызы facebook парақшасы арқылы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға ескерту жасап, одан ұлттық құндылықтар мен ою-өрнегімізді Ата Заңмен бекітіп, қорғауды талап етті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазба авторы қазақтың шапаны мен сәукелесін киіп алып, әлеуметтік желілерде жалаңаш тәндерін «жарнамалап» жүргендердің суреттерін жариялай отырып, «жастардың азғынданғаны, мәдинеттің мүлдем құлдырағаны, идеологиялық тұрғыда тәрбиенің, насихаттың толыққанды жүргізілмегені әрі ұлттық өю-өрнегіміздің қадірінің жоқтығы байқалатынына» налыды.

Бұндай әрекеттер ұлтқа қастандық жасаумен тең екенін алға тартқан заңгер, Ақтоты Райымқұловаға қарата: «Білдей министрлік, депутаттық корпус, бүкіл үкімет болып ұлттық құндылықтарға балайтын әрі ұлт болмысын дәріптейтін басты киімімізді қорғай алмай, немқұрайлылық танытып отырғандарыңыз үшін Сіздерді жауапқа тарту керек!» - деп салды.

Дереу қылмыстық немесе әкімшілік кодекске жаңа бап енгізуге ұсыныс беру керектігін айтқан ол, сол баптың пайда болуына үлес қосуды маңызды деп есептейді.

«Атап айтқанда: «Ұлтық құндылықтарды қорғау», оның ішінде

1) Ұлттық киімдерді теріс немесе арам ойына пайдалану, жартылай жалаңаш тәніне жамылу, ұлттық киімдерді қорлау, оны аяқасты етуге 2000 АЕК төлеуді міндеттесін. Тағы да толықтыратын жәйттер бар. Мен жолда болғандықтан, қысқаша түсініктеме беріп отырмын.

Ақтоты Райымқұлова, сіздің Мәдениет және спорт министрі ретінде жаңалық енгізетініңізге сенемін. Арыстанбек Мұхамедиұлы не әрістерді қарық қылған жоқ, не ұлттық құндылыққа назар аударған жоқ. Тек жоғарғы көкелеріміздің көңілін тауып, орыс блогерлерді маған қарсы айтақтағаны жадымда қалды.

Мен де ауыз жаппай, шетінен сөккенім ел есінде. Себебі, мен өзімді ренжіттіріп қоймаймын. Көкеміз қызметінде үздік министр болған шығар, алайда, кемшілік те бетке басардай бар», - деді Камиша Есмұхамбетқызы.

Одан кейін коронавирустың бәрімізді алаңдатып отырғанына тоқталып, осындай кезде талқылауға лайық мәселелерді де қарастырып қойғанның сөкеттігі жоқ екенін түсіндірді.

«Себебі, бұл ұлт мүддесіне қатысты маңызды сұрақ мені мазалайды. Ойлап қарасам, әжелеріміз ардақтап киген қастерлі бешпентін, аталарымыз ардақтап киген, ал шетелдіктерге сыйлыққа беріп, мақтан ететін шапанды қайдағы бір мұрны боқтар, абыройы жоқ надандар киіп, ойына келгенін істеуге жол бермеймін.

Не бұл мәселені шешесіз, не бұл мәселені сотқа жеткіземін. Жұрт шапанды шетелдіктерге құрметпен жапса, мына жастар құрметсіздік танытып, хайп қуғандары жетер! Тоқататын кез келді», - деп ашынған заңгер, жазбасын Мәдениет және спорт министріне үміт артып аяқтады.

Тағы оқи отырыңыз: «Абайдың өзі бірнеше қызды бүлдіріп тастаған. Қыз Жібек те қыздай тимеген» - Анна Құдиярова

Көпшіліктен осы жазбаны ерінбей бөлісіп, министрлік құзырына жететіндей етуді өтінгені сол-ақ екен, оны бірден 13 адам өз парақшаларына іліп қойды. Ендігі кезек – Райымқұлованың командасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары