$ 494.87  520.65  4.91

«Төрт қала карантинге жабылды»: жалған ақпарат таратқан жігіт қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта полиция осыған қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

"Төрт қала карантинге жабылды" деп аудиохабарлама таратқан Қостанай облысындағы ауыл тұрғыны көптен кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Меңдіқара ауданы Каскад ауылының 28 жастағы тұрғыны Владимир Дядин жалған ақпарат таратқан болып шықты. Қазіргі уақытта полиция осыған қатысты тексеру жүргізіп жатыр, ал жігіттің өзі қазақстандықтарға үндеу жасап, кешірім сұрады.

Видеода фейк аудиохабарламаның авторы Қостанай облысының тұрғындарынан оларды алаңдатып, бекер дүрліктіргені үшін кешірім сұрады. Ол өзінің бұл әрекетін әлеуметтік желіден коронавирус туралы оқыған ақпаратты дұрыс түсінбей қалғандығымен түсіндірді. Ол қазақстандықтарға ел үшін қазіргідей қиын уақытта жалған хабарламаларға сенбеуге, бекерден бекер үрейленбеуге кеңес берді.

Бұрын хабарланғандай, жас жігіт WhatsApp мессенджерінде 2020 жылдың 29 наурызынан бастап Қостанай, Лисаковск, Рудный, Тобол қалаларында карантинге жатқызылғандығы туралы аудио хабарлама таратты. Хабарламада ер адам Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылының тұрғындарына аталған күндерден бастап барлық бағыттар жабылатынын ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин