Әлеумет 06.04.2020 сағат 21:15

Алматыда «Magnum»-ға маскасыз кірген тұтынушыға күзетші күш қолданды (ВИДЕО)

«Төтенше жағдайларға байланысты маскасыз кіргізе алмайтын болған соң, елімізде масканың жетіспеушілігін ескеріп, дүкенге келетін сатып алушылардан ең болмағанда таза орамалмен болса да беттерін тұмшалауды сұраймыз», - дейді компания өкілі.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін әлеуметтік желілерде «Magnum» супермаркеттер желісіне маскасыз кірмекші болған азаматты күштеп сыртқа шығарып жатқан күзетшінің видеосы тараған еді. Осыған байланысты, Stan.kz тілшісі «Magnum» компаниясының PR-менеджерімен байланысып, оқиғаға қатысты түсініктеме алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Алматы қаласындағы дүкендердің бірінде ондай жағдайдың болғаны рас. Қызметкерлер зат сатып алмақшы болған кісіден жақын маңдағы дәріханаға барып, маска сатып алуды сұраған. Шынында да сол маңда дәріхана бар. Бірақ, сатып алушы бұған келіспеген. Әрі қарай видеодан көргендеріңіздей, күзетші күш қолдануға мәжбүр болған», - деді «Magnum» компаниясының PR-менеджері Дмитрий Шишкин.

Ол заң бұзған азаматты полицияға ұстап бере алмағанын айтады.

«Дәл сол сәтте полицияны шақырып үлгермедік. Бірақ, жақын күндері құқық қорғау органдарына жүгінетін боламыз», - деген «Magnum» компаниясының PR-менеджері келген сатып алушыларға тегін маска ұсынуды былай қойғанда, қызметкерлердің өзін маскамен қамтамасыз етудің қиын болып тұрғанын айтады.

«Сатып алушыларға берілетін тегін маскаларға қатысты айтатын болсам, егер беруге мүмкіндік болса, өзінің нормаларымен беріледі. Бірақ, біз тек компания қызметкерлеріне ғана бере аламыз. Барлық қала бойынша біздің 10 мыңға жуық қызметкеріміз бар. Олардың әрқайсысына күніне кем дегенде 4 маска беру қажет. Ереже бойынша, біздің қызметкерлер тек бірреттік маскаларды ғана таға алады.

Әр күн сайын 40 000 маска табудың өзі бізге қиындық тудырып тұр. Ал сатып алушыларға тегін маска ұсыну үшін «Еурофарм» компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - дейді Дмитрий Шишкин.

Сондай-ақ, компания өкілі дәріхана бизнесімен айналысатын барлық кәсіпкерлерге супермаркеттер желісінде өз маскаларын сату үшін тегін орын беретіндерін айтып, әріптес болуға шақырып жатқандарын жеткізді. Тағы айта кететін бір жәйт, жақын күндері көпреттік маскаларды «Magnum» желісінен сатып алуға болады.

«Төтенше жағдайға байланысты маскасыз кіргізе алмайтын болған соң, елімізде масканың жетіспеушілігін ескеріп, дүкенге келетін сатып алушылардан ең болмағанда таза орамалмен болса да беттерін тұмшалауды сұраймыз», - деген компания өкілі, сонда күзетшілер дүкенге ешқандай мәселесіз кіргізетінін айтады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар