Отандық телеарналардың біріне қонақ ретінде шақырылған Алматы қаласының мәдениет басқармасының жетекшісі Ернар Құрмашевтің эфирде масқарасы шықты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бағдарламадан үзіндіні құқықтанушы Руслан Түсіпбеков Facebook-парақшасына жүктеген.
Видеода басқарма басшысы журналистің мәдениет саласының тыныс-тіршілігіне қатысты сұрағына өзінше қазақшалап, ежіктеп жауап бере жөнелді. Ол қазақша ойын жеткізе алмайтындығын білген болу керек, алдына жауап жазылған қағазын дайындап әкелген.
Басшының сөйлегеніне ұялған қоғам белсендісі көпшілікке:
"Масқара! Жаман ұялып кеттім мынаны көріп. Бұл жігіт Алматы қаласының мәдениет басқармасының жетекшісі екен. Есімі - Ернар Құрмашев", - деп таныстыра келе,
"Елiмiздегі он үш миллион қазақтың ішінен қазақшасы тәуір бір адам табылмады ма?
Не сұмдық бұл?
Неге конкурс жарияламаған тағайындаудын алдында?", - деген сыңайлы риторикалық сауалдар тастады.
Ал желі қолданушылары видеоның астына қойылған сұрақтарға жауап іздеп, Құрмашевті жерден алып, жерге салып жатыр.
"Қандай ғылымы жарыстар өткізген екен?", "Мемлекеттік тестілеудегі "Мемлекеттік тілден" қалай өткен?", "Бұл да бір дөкейдің баласы шығар", "Тілі шықпаған ба?", "Түсіністікпен қарайық, тырысып жатыр", "Балық басынан шіриді", "Намысы болса, осы айтылған сөздерден кейін ана тілінде сөйлеуді үйренетін шығар. Бірақ ана тілі - орыс тілі бұлардың. Өкінішке орай", "Өзі риза болып отыр", "Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін" деген осы", "Намыстанамын осындай сүмелектерді көрсем", - деп шуласты олар.