Алматыда тағы да 14 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың Coronavirus2020.kz cайтында жарияланған мәлімдемесіне көзжүгіртсек, індет жұқтырғандардың арасында медицина қызметкерлері де бар. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
«Өкінішке орай, зардап шеккендердің арасында халыққа медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым қызметкерлері арасынан пациенттер тіркелген. Біз халықты үрейленбеуді сұраймыз! Осы санаттағы адамдар карантинге қарамастан өздерінің лауазымдық міндеттерін атқарды. Олар ауру қаупі бар аймақта тұрған алғашқы адамдардың бірі. Өйткені алдыңғы қатарда тұр. Олар емделуші оған мұқтаж болған кез келген жағдайда көмек көрсетті. Олар кез келген адамнан, оның ішінде симптомсыз тасымалдаушыдан жұқтыруы мүмкін. Қазіргі уақытта эпидеомологиялық тергеу жүргізілуде. Жағдай қаланың жедел штабының бақылауында. Инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша белгілі бір шаралар жүргізілуде. Олармен байланыста болған барлық адамдар іздестіріліп, карантинге орналастырылады», - делінген Тілеухан Әбілдаевтың ресми дереккөзінде жарияланған мәлімдемесінде.
Медицина мамандарының да коронавирус жұқтырып алғанынан хабардар болған белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров болса, дәрігерлердің аталмыш індеттен "ең аз қорғалған топ" екендігін алға тартты.
"Алматыда тағы 12 дәрігер тәжтажалды жұқтырып алды. Дәрігерлер, бүгінде, бұл зобалаңнан ең аз қорғалған топ. Өйткені, біздің медицина тәжтажалға дайын болмай шықты. Медициналық маска жоқ, медициналық, залалға қарсы қолғап жоқ. Комбинезон жоқ. Бүгінде, біздің дәрігерлер автоматқа қарсы күрекпен соғысып жүрген жауынгерлер тәрізді.
1) Барлық клиникаларда медициналық құрал- жабдықтармен қамтамассыз етуді жетілдіру. 2) Аймақтық, аудандық емханаларды толық, вирусқа қарсы материалдық- техникалық жабдықтау. 3) Дәрігерлерді жаппай түрде онлайн- режимде, вирусты жұқтырмаудың әдіс-тәсілдеріне үйрету 3) Аймақтарда, Қарағанды, Қызылорда да тез салынатын клиникаларды қолға алу. Дәрігерлер бүгінде бұл залалмен ерлікпен күресіп жатқан бірден-бір жандар. Оларға мыңда бір рақмет!
Тағы да оқи отырыңыз: «Алматының денсаулық сақтау басқармасы 4 дәрігердің COVID-19 жұқтырғанын жасырып отыр» - журналист (ФОТО)
Дәрігерлердің бәрі ауырып қалса, бізді кім емдейді? Олардың моральдық және нақты денсаулығы бүгін алтыннан да қымбат", - деп Facebook парақшасында жазды.