$ 442.05  474.14  4.74

«Алматының денсаулық сақтау басқармасы 4 дәрігердің COVID-19 жұқтырғанын жасырып отыр» - журналист (ФОТО)

Сонда ол ауруханада жатқан онсыз да денсаулығы дімкәс қаншама науқас пен бір ғана қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін 500-дей қызметкердің өмірі ойыншық па?
Фото: ztb.kz
Фото: ztb.kz

Журналист Ирина Советжанқызы коронавирус жұқтырған дәрігерлерді жасырып отырған аурухананың былығын әшкереледі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналистің сөзінше, оған №12 аурухананың қызметкері мессенджеріне хат жолдапты. Хатта коронавирус 4 дәрігерден расталғаны, ал басқарма Нұр-Сұлтанға хабарласпай, жасырып отырғаны жайлы жазылған. 

"Дәрігерлер көп жайтты айтудан қорқады. Мына хат №12 ауруханадан келді. Сонда жұмыс істейтін кісінің айтуынша, бүгін ондағы қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін бір медбике, бір санитар, бір травматолог дәрігер және бір хирург дәрігерден covid-19 анықталған. Медбике мен санитар кісінің ауырғанына үш күн болған, тест нәтижесін бүгін алыпты. Бірақ Алматының денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтанға хабарлауға асықпай отыр дейді. Егер хабарланса, аурухана covid ошағы ретінде карантинге жабылуы керек.

Тағы оқи отырыңыз: 

«Бөлінген қаражат қайда?»: коронавирус жұқтырған қазақстандық дәрігер ауруханадағы былықты әшкереледі (ФОТО)

«Жұмысқа орналасты» деген өтірік отчеттарыңды да білеміз»: журналист мединституттарды жаба салуды ұсынды

«Бізде дәрігерлер қоғамның қалдығы сияқты өмір сүріп келеді» - медицина қызметкерінің жанайқайы​​​​​​​

Сонда ол ауруханада жатқан онсыз да денсаулығы дімкәс қаншама науқас пен бір ғана қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін 500-дей қызметкердің өмірі ойыншық па? Қазір төртеуі де №12-де жатыр, оқшауланған. Бірақ олармен контактіде болғандар қаншама адаммен байланысқа түсіп жатыр емес пе? Төрт кісі де қабылдау бөлімінде жұмыс істеген. Екі дәрігердің бірінің жағдайы ауыр деді. Пневмониямен ауырған науқастарды инфекциялық ауруханаға емес, 12 ауруханаға апаруға неге қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұйрық берген? Дәрігерлер сол адамдардан жұқтырмасына кім кепіл? Германиядан келген науқасты да сонда апарған? Covidпен ойнауға болмайтынын денсаулық сақтау басқармасының түсінетін уақыты болды ғой. Таңертеңге дейін кеш болып, ошақ үлкейіп кете ме деп жазып отырмын", - деп жазды ол Facebook-парақшасына.

Сонымен қатар Ирина Советжанқызы ауруханалардағы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан COVID-19-ды жасыру фактілерін жіті тексеріп, шұғыл назарына алуын сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары