$ 498.34  519.72  4.85

Антидененің арқасы: елімізде 64 адам коронавирустан өздігінен жазылып кеткен

«Оларды енді ары қарай бекітілген алгоритм бойынша ПТР-тесттен өткіземіз», – дейді министрлік өкілі.
фото: riamo.ru
фото: riamo.ru

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 3 мың экспресс-тест алынды. Бұл туралы ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды aikyn.kz.

«Коронавирус бойынша экспресс-тест Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, шекаралардағы санитарлық-өткізу пунктерінің бәрі де экспресс-тестпен қамтамасыз етілген. Ол жерде кіргендердің бәріне экспресс-тест жүргізіледі. Одан бөлек, біздің меценаттардың қаражатымен 270 мың тест сатып алынған болатын», – деді Людмила Бюрабекова.

Комитет төрағасының айтуына қарағанда, Денсаулық сақтау министрлігі экспресс-тесттен өтуі тиіс азаматтардың санатын айқындап, бекітіп қойған.

«Бүгінгі күні 3 136 экспресс-тест жүргізілді. Оның 354-і Қазақстанның автокөлік бекеттерінде, 2782-сі медициналық ұйымдарда жасалды. 64 адамда антидененің бары анықталды. Яғни, олардың бәрі – коронавирус инфекциясымен ауырып, жазылып кеткендер. Оларды енді ары қарай бекітілген алгоритм бойынша ПТР-тесттен өткіземіз», – дейді ол.

Еске сала кетсек, «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалары 13 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирус бойынша тегін тестен өтуге болатынын жария еткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары