$ 449.58  486.94  4.86

«АӘК бойынша берген азық-түлікте кішкентай балаға арналған кашалар болды» - жалғызбасты ана

Сөз арасында ол, қазір жағдай қиын екенін, дегенмен Үкімет тарапынан берілген бұл азық-түліктер үлкен көмек болғанын айтты.

Қазір жағдай қиын, дегенмен Үкімет тарапынан берілген бұл азық-түліктер бізге үлкен көмек болды. Әлі соны пайдаланып жатырмыз. Бұл туралы Талдықорған қаласының тұрғыны Армангүл Біләл тілдесу кезінде айтты.

Үш баласын жалғыз өзі асырап отырған Талдықорған қаласында пәтер жалдап тұрып жатыр. Оның үстіне ортаншы баласы мүгедек. Армангүл қазір жұмыс істемейді, мүгедек баласына қарап үйде отыр. Осал топқа жататындықтан әкімдік бұл отбасыға азық-түлік жеткізіп, қолдау көрсетіпті.

"Алғаш төтенше жағдай жарияланған кезде әкімдіктен Сәуле Аманғалиқызы өзі азық-түлік әкеп берді. Оның өзі үлкен сеп болды бізге. Ол азықтың қатарында 25 келі ұн, 15 келі қант, май, күріш, вермешелЬ, қарақұмық болды. Бұларды әлі пайдаланып жатырмыз", - дейді жалғызбасты ана.

"Одан кейін Атаулы әлеуметтік көмек алатындар қатарында болғандықтан шақырып, тағы азық-түлік беріпті.  
Өзім жалғызбасты анамын. Ортаншы қызым мүгедек. АӘК-ті осы мүгедек қызыма беріп отыр. Үшінші қызым екі жастан асты. Сондықтан АӘК бойынша берген азық-түлікте кішкентай балаға арналған кашалар болды. Яғни 1-3 жас аралығындағы балаға арналған", - дейді ол.

Сөз арасында ол, қазір жағдай қиын екенін, дегенмен Үкімет тарапынан берілген бұл азық-түліктер үлкен көмек болғанын айтты. 

"Бұл азықтар бізге қанша дегенмен көмек болды, әлі соны пайдаланып жатырмыз. Негізі жұмыс істемеймін, ортаншы балама қарап үйде отырмын. Пәтерді де жалдап тұрып жатырмыз. Сондықтан қандай көмек болмасын бізге үлкен қолдау", - дейді Армангүл Біләл.

Сонымен қатар, ол Nur Otan  партиясы беріп жатқан қаржылай көмектен де үмітті екенін білдірді. 

"Nur Otan" партиясы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедек балаға қарап отырған отбасыларға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек беріп жатыр екен. Осыдан 5-6 күн бұрын Әлеуметтік әл-аухат басқармасындағы мамандармен сөйлесіп, ол көмекті мен ала алам ба, егер алсам құжатты қайда апарып тапсыру керек деп сұрадым. Ондағылар "сіз бұл санаққа кіресіз, құжатты ешқайда апарудың қажеті жоқ, қаражат шотыңызға түседі" деп жауап берді. Түспес бұрын Nur Otan партиясынан Bizbirgemiz деген хабарлама келу керек екен. Қазір соны күтіп отырмын", - дейді жалғызбасты ана. 

Сөз соңында ол коронавирус індетін тек үйде отырып қана жеңе аламыз деген ойын айтып, халықты карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

"Қазір еліміздің басына үлкен қиыншылық туып отыр. Бұл қауіпті індетті тек оқшаулау арқылы ғана жеңе аламыз деп жатыр ғой. Сол үшін халықтан карантин режимін қатаң сақтап,  инфекцияның таралуына жол бермеуге шақырамын. Тек үйде отырып, жауапты мамандардың айтқанын бұлжытпай орындасақ көп ұзамай бұл күнде өтер", - дейді А. Біләл.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары