$ 444.32  473.33  4.76

«Біздің елде медицина өлген»: Қуат Хамитов әлі күнге дейін коронавирустың барына сенбей, қасарысып отыр (ФОТО)

Вирус жайлы айтып, дүрлігіп жатқан елдерде саяси түйткілдер бар.
фото: instagram.com/kuat__khamitov
фото: instagram.com/kuat__khamitov

Көпшілікке "Найман" деген лақап атымен танылған спортшы Қуат Хамитов, індеттен адам өліп жатса да, "коронавирус жоқ" деп бастапқы пікірінен айнымай отыр. Оның ойынша, "біздің елде "медицина өлген" екен. Бұл жайлы ол, Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін ломбардтың жарнамасына түсіп, ел алдында басы дауға қалған Қуат Хамитов тағы да айды аспанға бір-ақ шығарды. Мәселен ол, кейбір мемлекеттердің "коронавирус тарап жатыр" деген ақпаратты өз пайдасына асырып отырғанын алға тартты. 

"Достар, осымен коронавирус туралы тақырыпты жабайық! Біріншіден, вирустың бар екендігі рас болса, үш айда Алматы халқының жартысы өліп қалатын еді. Бұл шамамен Базар мен Жаркент халқы. Себебі коронавирус желтоқсан айында пайда болған. 

Екіншіден, бізге кешірек келді, біздің елде медицина өлген, олар әлі күнге дейін басқа аурулардың нақты белгілерін анықтай алмай жатыр. Бұл дәрігерлердің кінәсі емес, бізде жүйе солай. 

Үшіншіден, біліп қойыңыздар, вирус жайлы айтып, дүрлігіп жатқан елдерде саяси түйткілдер бар және олар халық көшеге шығып кетпес үшін осы сәтті өз жағына пайдаланып отыр! Экономика, сайлаулар, доллар көтерілді, билік үшін күрес, мұнай өлді дегендей. 

Төртіншіден, жетер енді, маған өзі жоқ вирус жайлы жазып, қайта-қайта сұрақ қоюды доғарыңыздар!", - деп жазды Қуат Хамитов.

Тағы да оқи отырыңыз: «Ох, Ванга ояныпты ғой»: коронавирусқа сенбеген Қуат Хамитовты оқырмандары жерден алып, жерге салуда (ФОТО)

Естеріңізге сала кетейік, Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2660 адамға жеткен, олардың ішінде, 677 адам індеттен жазылып шықса, өкінішке орай, 25 адам қайтыс болды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары