$ 444.22  476.38  4.82

42 500: Сегіз жүз мыңға жуық алматылық өтініш берген

Жалпы бүгінге дейін Алматы қаласы бойынша 42 500 теңгені 333 мың 215 адам алған.

Алматы қаласында Төтенше жағдайға байланысты Мемлекет тарапынан берілетін 42 500 әлеуметтік көмекті алуға 784 мыңнан астам адамнан өтініш келіп түскен. Ал үш жүз мыңнан астам адам 42 мың теңге жәрдемақы алды. Дегенмен жәрдемақы алу үшін өтінім қабылдау әлі де жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Sn.kz.

«Жалпы бүгінге дейін Алматы қаласы бойынша 42 500 теңгені 333 мың 215 адам алған. Бұл – 14,2 млрд теңгені құрайды. Ал жәрдемақыны алуға қала бойынша 784,2 мың адам ниет білдірсе, 238,2 мың тұрғынның өтініші кейін қайтарылды», – деді қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Еліміздегі осы төтенше жағдайға байланысты жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған алматылықтың бірі – сатушы Вера Рымханқызы. Базарда жиһаз сататын көп балалы ана Қалада базарлар жабылып, саудаға шектеу жасалған соң амалсыз үйде отыруға тура келіпті. Ал күнкөріс үшін 42 500 теңге әлеуметтік көмек алуға өтініш берген.

Вера Рымханқызының айтуынша, еліміздегі төтенше жағдайға, алынған төлем барлық шығындарды өтемесе де, төрт баланы азық-түлікпен қамтуға жеткен.

«Азық-түлікті күндегісін күнде сатып аламыз. Он күндік азық-түлікті алып кіргізіп алдық. Аз да болса да, осы 42 500 теңгеге алдық, Аллаға шүкір. Біраз күндік нанымызды кіргізіп алып, бала-шағамыз қуанып, сүтін ішіп, әйтеуір жақсы болып қалдық. Нәпақасы ғой балалардың. Рахметімізді айтамыз!» – деді көпбалалы ана.

Вера Рымханқызына 42500 теңге өтініш бергеннен кейін бір аптаның ішінде түскен. Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азамат ретінде бірыңғай жинақтық төлемді төлепті.

Алматылық Индира Итеғұлова да жалғызбасты ана әрі жұмыссыз ретінде тіркелген азамат. Елімізде Төтенше жағдай жарияланып, карантин режим енгізілген соң, Индира Итеғұлова қаржыдан қатты қысылып, 42 500 теңге әлеуметтік көмек алуға өтініш берген, - деп хабарлайды Sn.kz.

Бүгінгі таңда Индира үш бала өсіріп отыр. Күнделікті күнкөрісі базарлар да жабылған соң, үйінің жанындағы дүкенге қарыздана бастапты. Ал 42 500 теңге әлеуметтік көмек алғанда, біршама жақсарып қалғанын жасырмайды.

«Тіпті наныма да ақшам болмай қалды. Шынымен де, соңғы ақшамды БЖТ төлеу үшін жұмсап, 42 500 теңгені алдым. Күнделікті тамақ үшін дүкенге 23 мыңдай қарыз болдым. Сол қарызымды бердім. Сосын 18 мың теңгеге азық-түлік алдым. Иогурт, қант, сүт дегендей...», – деді қала тұрғыны Индира Итеғұлова.

Айта кетейік, Еңбек министрлігі 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны төтенше жағдай режимі кезінде екінші рет алу мүмкіндігі туралы хабарлады. Қазақстандықтар 42 500 теңге жәрдемақыны екінші рет ала алады, өйткені төтенше жағдай режимі ұзартылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев мәлімдеген болатын.

«Біз 42 500 теңге табысынан айырылған қазақстандықтарға ай сайын беріледі деп айтқан едік. Әрине, төтенше жағдай ұзартылғаннан кейін азаматтар бұл төлемді екінші рет алады», - деді Мұқышев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары