Әлеумет 14.05.2020 сағат 16:20

«Халықты өлтіруді доғарыңыздар!»: Қуат Хамитов «екпе салуды депутаттардың балаларынан бастау керек» деп отыр (ФОТО)

Оның оқырмандары: "Дені дұрыс адам бұған жол бермейді", - десті.
«Халықты өлтіруді доғарыңыздар!»: Қуат Хамитов «екпе салуды депутаттардың балаларынан бастау керек» деп отыр (ФОТО)
фото: tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қоғамдық өзекті мәселелер туралы азаматтық пікірін ұдайы ашық айтудан жалтармайтын спортшы Қуат Хамитов енді "қарапайым халықты өлтірудің доғарыңыздар!" деп депутатарға ескерту жасады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, жазба авторының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Найман" лақап атымен танылған спортшының жазуынша, екпені алдымен депутаттардың балаларына салу керек екен. 

"Ей, естерің ауысқан ба? Егер сіздер, депутаттар біз үшін шешім қабылдасаңыздар, онда барлықтарыңыз бізге кепілдік бергендеріңіз ғой. Ондай былай жасайық, сіздердің балаларыңызды жинап, мына уды егейік! Егер бір жыл өткен соң ештеңе болмаса, қандай да бір түсініксіз аурулардан өлмесе, онда жаппай вакцина салу тұрғысында ымыраға келуге дайынбыз. Ал әзірше, қарапайым халықты өлтіруді доғарыңыздар!", - деп жазып, "#Біз вакцинаға қарсымыз!" деген хэштег қалдырды. 

Оның бұл жазбасына көзжүгірткен желі белсенділері: "Қуат, дұрыс айтасың, қолдаймын", "Мәжбүрлемейтін шығар, енді оған...", "Милары жұртта қалған ағалардың, милары металлом болып кеткен", "Жүректің түбінде шындыққа тура қараған батырсың", "Дені дұрыс адам бұған жол бермейді", - десті.

 Тағы оқи отырыңыз: «Біздің елде ерікті және міндетті вакциналар болады» - Біртанов 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін спортшы «Біздің елде медицина өлген» деп коронавирустың барына сенбейтінін жазған, бұл туралы да ақпарат жариялаған едік. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар