$ 494.87  520.65  4.91

«Қалааралық автобустарды іске қосуға әлі ерте» - Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер

Бірақ, ол өңірлерде коронавируспен байланысты жағдай тұрақталса, автобус қатынасын ашу мәселесі қаралатынын да атап өтті.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Қалааралық автобустарда жолаушыларды қадағалайтын кондукторлар болмағандықтан, оларды іске қосу әзірге ерте. Бұл туралы бүгін Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанда 1 мамырдан бастап әуе рейстері ашылғаны белгілі. Ал 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынай бастайды. Десе де, қалааралық автобустар қатынасына сол күйі тыйым салынған. Көліктегі бас санитар дәрігер мұның себебін түсіндірді.

«Ұшақ пен пойызда жолсеріктер бар. Олар жолаушылар арасындағы ара қашықтықтың сақталуын, маска тағуын, бір жерге топтаспауын қадағалап отырады. Ал қалаларалық автобустарда мұндай жоқ, тек жүргізуші ғана. Оның міндеті – қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Тиісінше, автобус салонында жағдайды бақылайтын адам болмағандықтан, қазіргі таңда қалааралық автобустарды іске қосуға әлі ерте деп санаймыз», – деді Сәдуақас Байғабылов.

Бірақ, ол өңірлерде коронавируспен байланысты жағдай тұрақталса, автобус қатынасын ашу мәселесі қаралатынын да атап өтті. Айтуынша, блокбекеттердің алынуы да жағдайдың тұрақталуына байланысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#автобус