$ 494.87  520.65  4.91

42 500 теңгенің қорытындысы: шетелге көшкендер мен түрмедегілер де өтініш берген

Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұдан бұрын төлемнен бас тартуға шешім қабылдаған азаматтардың өтінішін қайта қарайтын болды.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге әлеуметтік төлемін жасау бойынша қорытынды жасады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, informburo.kz дерегіне сүйене отырып.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, төтенше жағдай кезінде жұмыс берушілердің өндірістік қызметі мен жұмысшылардың жұмыс орнына қолжетімділігі шектеулі болғандықтан, Үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар қабылдаған. Мәселен, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы қабылданды. 2020 жылы жұмыспен қамту шаралары 1,2 миллион адамға жетеді.

Сонымен қатар, мемлекет төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған кәсіпкерлер мен жұмысшыларды қолдау мақсатында әлеуметтік төлем тағайындады.

Вице-министрдің айтуынша, алғаш рет 194,2 млрд теңге сомасындағы 4,6 млн төлем тағайындалды. Оның ішінде бірінші айға 158,9 млрд теңге сомасында 3,7 млн, екінші айға 35,4 млрд теңге көлемінде 834 мың төлем тиесілі. Екінші айда 2,9 миллион адамға төлем ұзартылды. Бұл мақсатқа 122,2 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, кейбір азаматтардың өтініші төмендегі себептер бойынша қанағаттандырылған жоқ:
жұмыссыздық мәртебесінің болуы;
қайтыс болған адамдардың атынан жалған өтініш жолдау;
шетелге шығып кеткен адамдардың атынан өтініш беру;
қамауда отырған адамдардың өтініші;
төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мемлекеттік сектордың, квазимемлекеттік сектордың, екінші деңгейлі банктердің және басқа кәсіпорын қызметкерлерінің өтініші;
белсенді зейнетақы және жәрдемақы алушылардың өтініші.

«Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұдан бұрын төлемнен бас тартуға шешім қабылдаған азаматтардың өтінішін қайта қарайтын болды. Ол үшін азаматтар аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтінішін беруі керек», - деді Ақмәди Сарбасов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары