"Гейлер мен леcбиянкалар адам емес" деп халықты шулатқан танымал спортшы Қуат Хамитов "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына қонаққа келіп, қоғамда резонанс туғызған түйткілдер жөнінде ойын бүкпесіз айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
"Айтқыш спортшы" Іnstagram парақшасына (бұлар бір ит сияқты, тіпті, иттерден артық болып кетеді. Гейлер мен лесбянкалар адам емес) гейлерді сынап арнайы жазба жариялауының себебін түсіндірді. Сондай-ақ егер өзінің бір бауыры гей-лесбиянка болып қалып жатса, оны "атып тастайтын шығармын" деп ағынан жарылды.
"Ол кезде Ораза айы еді. Сол Рамазан айында, мұсылман елінде Астананың ғимаратына олардың туы (ЛГБТ қауымдастығының туы) ілінбеуі керек еді, бірінші. Олардың ең бірінші қателігі осы. Олар мұсылмандардан кешірім сұрауы керек. Өйткені, қасиетті айда ондай нәрсені бізде жариялауға болмайды. Жалпы ол біздің тәрбиемізде жоқ. Ұл мен ұл, қыз бен қыз емес, жалпы, еркек пен қыз, әйел мен күйеу болсын біз көшеде тұрып бір-бірімізді құшақтау, қолымыздан ұстау, көшеде аймаласып тұру - біздің тәрбиемізде жоқ.
Тәрбие көрген мықты қазақтан ондай нәрсені істемейді. Кейбіреулері тіпті, көшеде әйелінің қолынан ұстамайды. Ол нәрсені жақтырмаған қауым ұл мен ұлдың, қызбен қыздың жақын қатынаста болуын қабылдамайды. Мен ондай оңбаған нәрсенің Қазақстанда бар екенін білмеппін", - деп бұл тақырыпқа бейжай қаруға болмайтынын жеткізді.
Тағы оқи отырыңыз: «Үкіметтен ЛГБТ адамдарын саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде ресми түрде тануды ТАЛАП ЕТЕМІН!» - белсенді
«Қуат Хамитов, сіз - қорқақсыз!»: ЛГБТ белсендісі ММА күрескеріне ашық хат жазды
ЛГБТ қауымдастығы Роза Рымбаева өздерінің «гей-иконасы» екендігін айтты
Бетке айтқанды ұнататын "айтқыш спортшы" әрбір сөзін ел қамы үшін айтатынын жасырмады.
Мәселен, "Айтылған сөздердің бәрі ел үшін ғой. Мысалы қай жерге барсам да Қуат мына мәселені айтсақ деп айтып жатады. Осы жерде мына мәселені (қысым көріп жатырмыз, жалақымыз төмен) көтерсең деп. Бізде айқайлаймыз, айтамыз, бірақ біздің дауыс жететін жерге жетпейді деп айтып жатады. Енді менің айтып жатқанымның бәрін жұрт "өзіне реклама жасап жүр немесе хайп дейді ғой қазір, сол хайп үшін емес). Кішкентай ғана елміз. Қазақстанда Мәскеудің жартысындай ғана халық тұрады екен.
Кіп-кішкентай халық неге бір-бірін естімейді? Бұның бәрі бір-біріміздің кемшілігімізді жауып, жаман жерлеріміз болса, жақсы қылуға тырысайық деген ниетпен айтылатын нәрселер ғой. Ал басқа адамдарға келетін болсақ, енді ол, айта алатын адамдар бар, айта алмайтын адамдар бар. Олар неге айта алмайды? Өйткені, басқа спортшылардың немесе шоу-бизнесте жүрген бауырларымызға "Сен айта алмайсың" деп те айтуға болмайды. Себебі, әрбір спортшының, шоу-бизнесте жүрген адамның көкелері бар. Сенің үстіңде ағаң, көкелерің болғаннан кейін ешқашанда халықтың ортасынан шығып, бірдеңе айта алмайсың. Сенің айтқан нәрсең біреуге ұнамай қалуы мүмкін. Ол айтқаныңды ұнатпаған адам сені ағаңа айтады да, ағаң арқылы сенің аузыңды жаптырып тастайды", - деді аузын буған өгіздей болып үнсіз жүргенді ұнатпайтын жігіт.
Айтары мол Қуат Хамитов мұнымен тоқтап қалмай, билікте жүрген ағаларының өзінің пікірі мен көзқарасын қолдайтынын айтты.