$ 494.87  520.65  4.91

«Шегірткелерде де психоз басталды»: журналист «вирусты жоққа шығарған» ақынның аузына құм құйды

"Барып тұрған надандық қой. Ақын, ақын деген сайын", - деп жазды олар.
фото: astana.tv, caravan.kz
фото: astana.tv, caravan.kz

 Журналист Ришат Асқарбекұлы қазақстандық шенеуніктердің коронавирус жұқтырғанына сенбейтін Қайнар Алагөзовті сынады. Сөйтті де  әлемде осы уақытқа дейін коронавирустан қанша адам көз жұмғанын алға тартып, ақынның аузына құм құйды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Естеріңізде болса, осыған дейін белгілі әншілерге сөз жазып беріп жүрген айтыскер елдегі министрлер мен басқа да лауазымды қызметтегі адамдардың коронавирус жұқтырғанына сенбейтінін айтып, желіге пост жариялаған болатын.

Осы орайда, ақынның жазбасын көзі шалып қалған журналист Facebook парақшасында: "Ертең осы сөзің үшін кешірім сұрап, басың салбырап қалады-ау!) Жер бетінде коронавирус жоқ болса, үш айда 400 мың адам неден өлді екен? Беташар мен той болмай қалған соң, шегірткелерде де психоз басталды", - деп жазды.

Тағы оқи отырыңыз: «Аферист, алаяқ»: айтыскер шенділердің коронавирус жұқтырғанына «пешке өртесе де» сенбейтінін айтты (ФОТО)

Ал желі қолданушылары болса, журналист пен ақынның жазбасын оқып, бұл тұрғыдан не ойлайтындарын пост астына қалдырды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары