$ 448.15  483.46  4.86

«Аферист, алаяқ»: айтыскер шенділердің коронавирус жұқтырғанына «пешке өртесе де» сенбейтінін айтты (ФОТО)

Осы орайда, белгілі айтыскер Балғынбек Имаш: "Алла хидаят берсін! Шектен шығып барасың, Қайнаржан. Адамға сенбесең де Алладан қорық", - деп ақын бауырына ескерту жасады.

Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан секілді танымал әншілерге сөз жазып беріп жүрген айтыскер ақын әрі тамада Қайнар Алакөзов "инфекция жұқтырдық деп" жапатармағай оқшауларынып жатқан шенді-шекпенділерді сынады. Бұл туралы ол, әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Суырып салма ақынның пайымдауынша, "Коронавирус бар деп, елді сендіргісі келетіндердің барлығы - аферист әрі алаяқ" көрінеді.

Мәселен ол, Instagram парақшасына оқшауланып жатқан министрлер мен атқамінерлердің суретін жариялап: "Мына аурулардың ішінде мен сенетін ешкім жоқ екен. Тап осыдан өліп, өздері салдырған пешке өртесе де сенбеймін. Жер бетінде ешқандай да коронавирус жоқ, достар!

Коранавирус бар деп, елді ақымақ санап, жұртты сендіргісі келген адамның бәрі аферист, алаяқ", - деп жазды.

Ақын жігіт "Азаттық рухы" сайтынан алып жариялаған суреттің ішінде Елбасынан бастап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың да суреті бар.  

Коронавирустың барына "өздері салдырған пешке өртесе де сенбейтін" ақынның бұл жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Осы орайда, белгілі айтыскер Балғынбек Имаш: "Алла хидаят берсін! Шектен шығып барасың, Қайнаржан. Адамға сенбесең де Алладан қорық", - деп ақын бауырына ескерту жасады.

Тағы оқи отырыңыз: Шұғыл: Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

«Дәрігерлердің толық бақылауындамын»: Бекболат Тілеухан да коронавирус жұқтырып алды

Одан бөлек, "Италия, Америкаларда ше, сонша адам өлді дегені өтірік пе!?", "Онда неге елдің бәрі бірден ауырып жатыр? Аға, бәріміз семьямызбен ауырып жатырмыз!", "Өлсе өледі бұлардын бары жоғы похуй емес пе көк тудын астында квартирада тұрып жатыр", "Дұрыс айтасыз. Мен сізге 100% қосыламын. Алла елімізді бейбітшілік пен тыныштықтан айырмасын бастысы", "Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле", "Бекер айттың-ау, ертең кешірім сұратқызып қояды", "Бірақ ата ауырып балды ғой. Бұл қалай болғаны?", - деп ақынның желідегі оқырмандары ойын сақ-саққа жүгіртті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз министрлер мен басшылық қызметте жүрген кісілердің коронавирус жұқтырғаны және олардың жаппай оқшауланғаны туралы ақпарат таратқан болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары