$ 443.85  474.3  4.8

«Маминнің әлі де күзге дейін мүмкіндігі бар» - сарапшы

Заң бойынша жаңа Үкімет басшысының кандидатурасын Мәжіліс қана бекітеді. Ал Мәжіліс маусым айының аяғында кезекті демалысқа кетті, депутаттар енді 1 қыркүйекте ғана жиналады.
фото: nsod.kz
фото: nsod.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысындағы «қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды» деген үкімет мүшелеріне бағытталып айтылған мәлімдемесі әлі де қызу талқыланып жатыр. Ұлттық кеңес мүшесі Мұрат Әбенов та осы мәселеге қатысты өз ойын білдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

dalanews.kz порталының жазуынша, ол дәл қазір біздің елдегі жағдайдың расында да мәз емес екенін әрі атқарушы биліктің эпидемияға қарсы күресі нәтижесіз болып отырғанын айтқан. Оның айтуынша, дәл қазір біздің елдегі жағдай да мәз емес. Атқарушы биліктің эпидемияға қарсы күресі нәтижесіз болып отыр. Оны статистикасыз-ақ байқауға болады. Сонымен қатар, қызметінен кеткенімен Біртановтың жіберген қателіктерін әлі мойындамай отырғанын айтқан. 

«Меніңше, Біртанов бастаған Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты тұлғаларын Франциядағыдай құқық қорғау органдары тергеуге алу керек! Мемлекет басшысыт Тоқаев індетке қарсы күресті бір ғана саланың аумағында емес, ауқымды түрде ұйымдастыру керек екенін айтып, қазіргі жүйе қоғамның жаңа талаптарына жауап бере алмайтынын алға тартқан-ды. Осылайша ол билік жүйесіндегі көптеген амал-тәсілдердің ескіргенін мойындады», - деп жазған өзінің фейсбук парақшасында.

Мұрат мырза өз жазбасында Мамин үкіметінің отставкасы туралы мәселе көтеріліп жатқанымен үкімет әзір тарамайды деп болжам жасаған.

«Президент Үкіметті неге отставкаға жібермеді?
Меніңше, мұндай шешім қабылдауға Қ.Тоқаев дайын. Бірақ Президенттің бұл қадамға бармауына не себеп болды? Меніңше, бұл жердегі басты мәселе заңдық және процедурлық жайттарға тіреліп тұр. Президенттің Үкіметті таратуға құқы бар. Бірақ Тоқаев Мәжілістің келісімімен ғана Үкіметті отставкаға жіберетінін ұмытпауымыз керек. Заң шығарушы орган маусым айының аяғында кезекті демалысқа кетті, депутаттар енді 1 қыркүйекте ғана жиналады. Заң бойынша жаңа Үкімет басшысының кандидатурасын Мәжіліс қана бекітеді. Айтпақшы, Мемлекет басшысы жекелеген министрлерді қызметінен босата алады. Ал егер Премьерді қызметінен босатса, тұтас Үкімет мүшелері отставкаға кетуі керек! Сондықтан депутаттардың демалысқа шығып кетуі, Мамин Үкіметіне тағы да мүмкіндік сыйлады десек болады.

Мамин харакири жасай ала ма?

Үкімет басшысы өз еркімен отставкаға кете алады. Бірақ Асқар Мамин қызметінен арыз жазып, кеткен күннің өзінде жаңа Үкімет құрамын жасақтап, бекіту үшін Парламенттің басқосуы қажет.
Үкімет басшысының міндетін атқарушы Премьердің толық өкілеттілігін пайдалана алмайды. Бұдан кейін оның жұмысы да тиімсіз болатыны сөзсіз. Сондықтан Президенттің сабырлық танытып, шыдауына тура келеді», - деп атап өткен. 

Яғни Тоқаев Маминге жағдайды реттеуге мүмкіндік берді деп есептейді.

«Осы ретте кейбір министрлер мен әкімдердің мемлекет мүддесі үшін отставкаға кетуіне болады. Мұны Тоқаев емеурінмен түсіндірген болатын. Жұмыс істей алмасаң – орынды босату керек.  Бірақ біздің шенділер мұндай қадамға өз еріктерімен бара қоюы екіталай. Бәрі соңына дейін креслосынан айырылып қалмауға тырысатыны белгілі. Егер Мамин командасы өздеріне жүктелген тапсырманы орындай алмаса, оларды күздің алғашқы күнінде отставка күтіп тұруы мүмкін», - деп болжам жасаған Мұрат Әбенов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары