Әлеумет 15.04.2016 сағат 03:36

Қостанай облысының бір елдімекені толықтай су астына кетті (ФОТО)

Қостанай облысы Қостанай ауданына қарасты Суриковка ауылы толықтай дерлік су астына кетті деп жазады "Алау" порталы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталған елдімекен сайлы жерде орналасқан. Ауылға жақын жердегі дамба жарылған сәтте тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге кетіп үлгеріпті. Тасқын судың бетіне тек үйлердің шатыры ғана шығып тұр. Дүние-мүлік түгелдей құрдымға кетті. Әйтеуір төрт-түлік малдың басы түгел. Қазір көрші-ауыл тұрғындары мен туған-туыс зардап шеккендерге көмек қолын созып жатыр. Ал, малға жемді қайдан тауып берерін Суриковка ауылының халқы білмейді.

Жағдайы барлардың бәрі Қостанай қаласына кетіп қалыпты. Ал, қалған 40 адам жергілікті мектепке орналастырылған. Олардың ас-ауқаты жергілікті бюджет есебінен сатып алынуда. Шенеуніктер болса тілсіз жауға қарсы түкшара қолданамайтынын айтып, қол қусыра қарап отыр.

"Қазіргі таңда облыс әкімі бірінші орынбасарының басшылығымен штаб құрылып, келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Шығынды қайтару үшін қаржы қарастыратын боламыз. Сағар сайын облыс әкімін болып жатқан жағдайдан хабардар етудеміз. Алдын ала суды тоқтату мүмкін болмады. Тәулігіне су деңгейі 60 сантиметрден көтеріліп отырды" дейді Қостанай ауданының әкімі Тәуба Исабаев.

Ауылдың өзінде құтқарушылар қайықпен жүр. Су деңгейі болса әлі көтеріліп келеді. Оны сорып, өзге жерге құю мүмкін болмағандықтан канал қазуға тура келуде. Елдімекенді судан тазартуға екі аптадй уақыт кетеді дейді құтқарушылар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, дәл мұндай су тасқыны аумақта 1941 жылдан бері болмаған. 

Айта кетейік, биылғы тасқыннан СҚО мен Қостанай облысының тұрғындары көп зардап шегуде. Солтүстік Қазақстан облысының 8 ауданы мен Петропавл қаласында төтеше жағдай жарияланған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар