Егер сізге 42500 теіге төленбейтіні туралы хабарлама келсе, шағым беруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, https://t.me/EgovKzBotOfficial каналына сілтеме жасап.
Еңбек министрлігі егер өтінім беруші жәрдемақы берілетіндердің санатына жатпаса, автоматты түрде бас тарту сервисін іске қосқанын білетін боларсыздар! Жаңа сервис азаматтарды ЖСН бойынша тексереді.
Егер сізге төлемақы беруден бас тартылса, ал сіз барлық талаптар бойынша жәрдемақы берілетіндердің санатына жатсаңыз, төменде көрсетілген жолдар арқылы шағым бере аласыз!
1. eGov порталы арқылы.
ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы порталға кірген соң, "Электронды өтініштер" бөліміне өту керек. e-mail, мекенжайыңыз бен ұялы телефоныңыздың нөмірін көрсете отырып, тізімнен өзіңіз тұратын аймақты және Мемлекеттік органдар тізімінен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін таңдайсыз. Содан кейін "Мазмұны" бағанына "42 500 төлем төлеуден бас тартуға шағым" деп жазыңыз. Жазған шағымыңызды .doc форматында және қажет болса, бас тартудың заңсыздығын дәлелдейтін басқа құжаттарды қоса тіркеңіз. Өз ЭЦҚ-мен өтінішке қол қойыңыз.
Сілтемесі міне: https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app
2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының сайты арқылы.
Шағым беру үшін ЖСН-ды, ұялы телефон нөмірін, e-mail енгізіп, азаматтардың қай санатына жататыныңызды таңдап, бас тарту себептерін көрсетет отырып, шағымыңызды жіберіңіз.
Сілтемесі міне - http://gfss.kz/#/help42500.