$ 444.32  473.33  4.76

«Президентіміз мұндай былықтарды біле ме екен!?»: Жезқазған мен Сәтбаевта интернеттің бұғатталғаны туралы хабар тарады

Қазіргі карантин, кризис кезінде халыққа жағдай жасаудын орнына аяқтарынан шалып жатырсыздар! Ойланбастан істей салатын шаруаларыңыздан, аяқасты қорыққаннан қабылдай салатын шешімдеріңізден жұмысшылар зардап шегуде.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Бірер күн бұрын Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында бүкіл елді дүр сілкіндірген тәртіпсіздіктер болған еді. Енді міне, Жезқазған-Сәтбаев өңірінің тұрғындары мобильді интернетке қолжеткізе алмай отырған көрінеді. Мәселен, Ғалия Әбдіғаппарова есімді желі қолданушысы "Интернет қайда?" деп дабыл қағып отыр.  Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Жазба авторының пайымдауынша, "ХХІ ғасырда интернетті сөндіру өте күлкілі".

Сондай-ақ ол, биліктегілерге "карантин және кризис уақытында халыққа жағдай жасаудың орнына, олардың аяқтарынан шалып жатсыздар"  деп наразылығын жеткізді.

"Интернет қайда? Жезқазған-Сәтбаев бойынша мобильді интернет желісін бұғаттауды тоқтатыңыздар, жоғарыдағылар. 2 күн кетті. Қаншама адам осы интернетпен жұмыс жасап отбасын асырауда. Қаншама түлек-студенттердің оқу алды жұмыстары бұзылды. Дәріханадан терминал арқылы дәрі сатып алатын қаншама адам алатын дәрілерін ала алмай кетуде. Айта берсең келтіріп жатқан зияндарыңыз жетер!

Қазіргі карантин, кризис кезінде халыққа жағдай жасаудын орнына аяқтарынан шалып жатырсыздар! Ойланбастан істей салатын шаруаларыңыздан, аяқасты қорыққаннан қабылдай салатын шешімдеріңізден жұмысшылар зардап шегуде.

 ХХІ ғасырда интернетті сөндіру күлкілі. "Цифрлы Қазақстан" аясындағы бақандай министрлік немен айналысуда? Алдында Президент мырзаның "Халық бәрін білу керек, халыққа жақын болуымыз керек, интернет дегендер өшпесін, халықтын сеніміне ие болуымыз керек", - деген сөздері қайда қалды.

 Президентіміз бір жақсы дүние айтса, төменгі билік өкілдері мүлде басқаша, керісінше дүние жасап әуре. Бұл не сонда? Төмен жақтағы мұндай былықтарды ол кісі біле ме екен!?", - деп елге белгілі Берік Уәли, Ерлан Карин, Бағдат Мусин секілді азаматтардың facebook парақшасын тегтеп қойды.

Тағы оқи отырыңыз: «Қалада бүгін ұйқы жоқ»: Cәтбаев халқы 5 жасар қызды зорлаған педофилді жазалау үшін бас көтерді (ВИДЕО)

«Періштедей қыздан шал артық болды ма?»: Сәтпаев тұрғындары жантүршігерлік оқиғаның қалай болғанын айтып берді

«Қазақ полицейлерінде ұлт, ұлттық намыс деген түсінік жоқ» -  Сәуле Әбілдаханқызы

Айтпақшы, оның ашынғаннан жазған постын оқығандар да қарап қалмады. Желі белсенділерінің оны қолдай жөнелгенін төмендегі пікірлер арқылы-ақ білуге болады:

1. Kaniya Tursinbayeva: "Жауап берiндер! Интернет қайда? Бұл қандай күрес, кiммен? Халықтың жабайы болғаны дұрыс-ау, осы отырған билiктегiлерге! Сәтпаевтың әкiмi ендi кетуге дайындалсын, Iшкi icтер министр мен қоса! Халыққа жағдай жасаңдар!".

2. Болат Тургумбаев: "Бұл әдетке айналды"
 
3. Batima Kazhibai: "Жауапты адамдар қайда қарап отыр? Жағдай жасау керек халыққа!

4. Роза Төреханова: "Түйеқұс сияқты бастарымызды құмға тығып тастап, ешқандай іс-шара жасамаудың айласы секілді.

Бұл интернет желісінің бұғатталуына байланысты біз топтастырған пікірлердің бір парасы ғана.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары