$ 494.87  520.65  4.91

«Аружан, КЕТ!»: заңгер бала құқығын қорғаушы омбудсменге шүйлікті

«Омбудсмен болғанына екі жылдан асты, балалар үшін не жасалды? Қай өңірде зорлық-зомбылық көп, статистика жасалып, есеп бергенін көрмедім!» - дейді заңгер.
фото: kzaif.kz
фото: kzaif.kz

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек facebook парақшасында бала құқығын қорғаушы омбудсмен Аружан Саинның отставкаға кетуін талап етті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Балалардың құқығын қорғай алмай отырған Аружан Саин отставкіге кетсін!
Бала құқығын қорғаушы омбудсмен болу – интернетте «бәріне тапсырма бердім, бақылауымда» деп пост жазу емес, нақты іске көшу! Бір аптада еліміздің әр өңірінде балалар зорланды. Аружан Саин пост жазғаннан басқа ары аса алмай отыр.

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін нақты не жасаланып жатыр?
Қазір Мәжілісте заң қаралып жатыр «Балалардың құқығын қорғау» бойынша, құқық қорғаушылардың барлығы эксперт ретінде қабылданатын заңдарды талқылап, ұсынастарымызды айтып жатырмыз. Ол чатта Аружан Саин жоқ!» - деді омбудсменнің іс-әрекетіне көңілі толмаған заңгер.

Оның айтуынша, Аружан Саин Президентке кіріп, «бәрін қатырып жатырмын» деп есеп бергеннен басқа ештеңе тындырмаған. Ал ол есепті алдымен түсінікті тілде, халықтың өзіне беруі тиіс екен. Себебі, «зорланып жатқан ауылдың балалары, байдың балалары емес!».

«Омбудсмен болғанына екі жылдан асты, балалар үшін не жасалды?
Қай өңірде зорлық-зомбылық көп, статистика жасалып, есеп бергенін көрмедім! Екі жылдан бері қай өңірге келіп, балалармен тікелей тығыз жұмыс жасады? Зорланған балалар үшін қандай кризистік орталықтар ашты?
Халықтың тілін білмейтін, түсінбейтін адам балалардың құқығын қорғайды деп ойламаймын!» - деді Айгүл Орынбек одан әрі.

Бұлай дейтіні, Аружан Саин аталған екі жыл ішінде зорланған балалардың құқығын қорғап жүрген қоғам белсенділерінің басын қосып, ұсыныстарын да тыңдамаған. Айгүл Орынбектің уәжіне сүйенсек, сауатты елдердегі заң бойынша, құқық бұндайда ең алдымен балалардың құқығын қорғайтын адамнан талап етіледі.

«Балалардың құқығын қорғау үшін не жасап жатырсың, Аружан?!
Мен жауап бере салайын, «ЕШТЕҢЕ»! Өңірлердегі зорлық-зомбылық көбеймесе, азайған жоқ! Фейсбукта отырып, «я все держу под контролем» деп жазғаннан басқа ештеңе көрмедім! Сол үшін Аружан, КЕТ!» - деп әдеттегідей сөздің тоқетерін бір-ақ айтты заңгер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары