$ 444.22  476.38  4.82

Үкімет халықты сумен қамту үшін Ислам Даму банкінен $300 миллион алды

Бұл ақшаға еліміздегі бірнеше елдімекен таза ауыз сумен қамтылып, егістік жерлерде суландыру жүйелері қалпына келтіріледі деп жоспарлануда. Бүгін Астанада азық-түлік қауіпсіздігі бойынша өткен құрылтайда Үкімет пен Ислам Даму банкі арасында осындай келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хаарлап отыр.

75,3 миллион АҚШ долларына Алматы облысындағы 15 ауылға 680 шақырымдық су құбыры татылады. Оның 234 шақырымы таза су құбыры болса, қалған 446 шақырымы жерді суландыру жүйелеріне арналған. Сондай-ақ, қуаттылығы күніне 18,3 м3 болатын су тазалау станциясы да осы қаражат есебінен салынатын болады.

Қалған қаражатқа «ҚР суландыру және кептіру жүйесін қайта құру» жобасы жүзеге асады. Яғни, Алматы облысының бірқатар ауданындағы аумағы 58 мың гектар жердің суару жүйесін қалпына келтіру, ОҚО-ның Мақтарал және Шардара аудандарындағы 92,5 мың гектар топырақтың гидромелиоративтік жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, 512 төтел қалпына келтіріліп, оларға бақылау камерасы қойылады, 270 суармалы канал және  50  пайдаланудағы көпір іске қосылады. Жоба бағасы 235,5 млн. АҚШ долларын құрайды.

Осы ретте айта кету керек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін ауылдарды таза сумен қамту үшін қос бірдей бағдарламаны іске қосқан болатын. Алғашқысы – «Таза су» бағдарламасы, ол 2001-2030 жылдарға арналған. Алайда, атқарушы орган өкілдері коррупцияға жол беріп, жобаға бөлінген қаражатты талан-таражға салғаннан кейін, бағдарлама жүзеге аспай қалды. Мұнан кейін 2011 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы жүзеге аса бастады. Оның мақсаты – 2020 жылға дейін бүкіл қазақстандықтарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары