$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы ХҚКО алдындағы кезек үшін басшылар тәртіптік жазаға тартылды

Яғни, филиал директорына, фронт-офистерді үйлестіру басқармасының басшысына және №1 мамандандырылған бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығындағы кезек үшін басшыларға қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұл факт бойынша өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны және мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бұзғаны үшін Алматы қаласы бойынша филиал басшылығы қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылғанын хабарлайды. Яғни, филиал директорына, фронт-офистерді үйлестіру басқармасының басшысына және №1 мамандандырылған бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ның алдындағы ұзын-сонар кезектің суреті мен видеосы тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары