23.10.2020, 01:12

«Жас кезінде үйленгендер сирек ажырасады» - мамандар

Әлеуметтанушылардың пікірінше, отау құруға оңтайлы кезең ол 28-бен 32 жас аралығы.

АҚШ әлеуметтанушылары отау құруға қолайлы жас кезеңін атады. Мамандардың айтуынша, осы жас кезеңде маңызды қадам жасауға бел буғандар ерте немесе кеш үйленгендерден қарағанда сирек ажырасатын көрінеді.

Бұл туралы Baq.kz Marriage.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды .

Әлеуметтанушылардың пікірінше, отау құруға оңтайлы кезең ол 28-бен 32 жас аралығы.

Өмірдің бұл кезеңінде сізде жеткілікті тәжірибе болады. Сіз нені қалайтыныңызды жақсы білесіз, сондай-ақ отбасындағы күнделікті міндеттемелеріңізді орындауға күш-қуатыңыз да мол болады. Сіз әлдеқашан өз кәсібіңіздің маманы атандыңыз. Демек сіз қаржы мәселесіне көп бас қатырмайсыз, - деп сендірді әлеуметтанушылар.

Мамандардың айтуынша, егер жұп ұсынған жастан ертерек үйленуге бел буса, олардың бақытты отбасын құруына өмірлік тәжірибесінің аздығы және жастық максимализм кедергі келтіруі мүмкін.

Ал егер кешірек отау құру туралы шешім қабылданса, онда әр адамда осы кезге дейін қалыптасқан күнделікті дағдысы мен өзара келісімге келмеу отбасылық өмірдің ұзақтығы мен сапасына әсер етуі ықтимал.