$ 494.87  520.65  4.91

«Ештеңе білмеймін»: ақтөбелік келіншек босанғаннан кейін туыстарын танымай қалған (ВИДЕО)

27 күннен кейін есін жиғанда отбасы мен туған балаларын танымай қалған. Мейіргүл әлі де толық сауықпағанын айтады.

Ақтөбеде әйел босанғаннан кейін комаға түсіп, есін жиғанда туыстарын танымай, өзінің бала туғанын ұмытып кетті. Үш жыл өтті, бірақ үш баланың анасының денсаулығы қалпына келмеді. Бұл туралы Stan.kz "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

28 жастағы Мейіргүл Бұқаева осыдан үш жыл бұрын ауыр жағдайда босанғаннан кейін комаға түсіп, оның жүрегі 5 рет тоқтап қалды. 27 күннен кейін есін жиғанда отбасы мен туған балаларын танымай қалған. Мейіргүл әлі де толық сауықпағанын айтады. 

"Ештеңе білмеймін, қалай босанғаным, одан кейін не болғаны есімде жоқ. Басым қатты ауырады, әсіресе түнде, ұйықтай алмаймын. Бәрін ұмытып қаламын, қазір айтқанымды кейін есіме түсіре алмаймын", - деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Мейіргүл Бұқаева.

Күйеуінің айтуынша, жарының жады әлі орнына келмеген, бірақ одан да қорқыныштысы - қатты бас ауруы.

"Оңтүстік Кореядағы бір емханан көмектесетіндерін айтты. Ұшу, тексерілу, ем алу мен мен 1 ай тұру үшін кем дегенде 7 млн теңге керек. Мейірімді қазақстандықтардың көмегімен қазірдің өзінде 5 млн 200 мың теңге жинадық, аз ғана қалды, көмектесулеріңізді сұраймын", - деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Мирасбек Бұқаева.

Ер адам облыстық денсаулық сақтау басқармасына жүгінген, бірақ әйеліне квота бермеген. Ал денсаулық сақтау министрлігінде пандемияның аяқталуын күтуді сұраған.

"Біз басқа да нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Тексерілу, емделу деген сынды. Оның құжатын бірнеше емханаға жібердік, қазір жауабын күтіп отырмыз", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Дәрігерлердің айтуынша, Мейіргүл комаға түскеннен кейін осындай жағдайға тап болған. Олар тақырыптық емдеу түрін ұсынады, бірақ аурудан айығып кетуіне уәде бермейді. Ал ерлі-зайыптылар уақытты құр жіберіп алудан қорқады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары