$ 494.87  520.65  4.91

«Басында дос болдық»: әзірбайжандықтан қорлық көрген Атырау тұрғыны көмек сұрайды (ВИДЕО)

Ол өзінің бұл хатын Қазақстан мен Әзербайжан елінің басшыларына, министрлеріне, елшілеріне, БАҚ-қа, тіпті қылмыс әлемінің серкелеріне арнаған.

Әбден ашынып, төзімі таусылған Атырау тұрғыны көпшіліктен көмек сұрап, желіде жазба жариялады. Оны ер адамның бопсалап жүргеніне осымен үшінші жыл болыпты, деп хабарлады paryz.kz

"Бұл менің соңғы хатым! Осыдан соң, егер бұл мәселе шешілмесе, мен өз-өзіме қол саламын немесе Әзербайжанға барып, Рехманов Гильманды өз қолыммен өлтіремін! Бұдан басқа менің амалым қалмады", - деп жазған Жұлдыз Қылымова Facebook-тегі парақшасына.

Ол өзінің бұл хатын Қазақстан мен Әзербайжан елдерінің басшыларына, министрлеріне, елшілеріне, БАҚ-қа, тіпті қылмыс әлемінің серкелеріне арнаған. Хатта жазғанындай, ол 2018 жылы екі баласымен ажырасқан, кейін құрылыста жұмыс істейтін әзербайжан жігіті Гильман Рехмановпен танысқан.

"Басында дос болдық, телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Кейін достық жақын қарым-қатынасқа ұласты. Гильман Атырауда жалдамалы пәтерде тұрды. Мен кейде екі баламды алып, оған барып тұрдым. Содан соң ол жұмыс барысымен Шымкентке көшіп кетті. Арасында маған келіп тұрды: телефонымның паролін біліп алып, жеке поштамның паролін де өзгертіп тастаған. Ол ондайға барады деген менің миыма тіптен кіріп-шыққан емес", - дейді келіншек.

2019 жылы наурызда екеуі ұрсысып қалған. Келіншектің айтуынша, өзара кикілжің кезінде жігіт оның телефонын тартып алып, кетіп қалған. Кейінірек Жұлдыз әлеуметтік желідегі парақшаларының паролін әлдекімнің өзгертіп тастағанын біледі. Бұрынғы жігіті мұны өзі істегенін мойындап, келіншекті бопсалай бастайды. Онда да оның жалаңаш түскен суреттерін желіге саламын деп қорқытқан.

"Сол күннен бастап менің әр күнім тозаққа айналды. Ол маған кез келген сәтте телефон соғып: "Сенің мына видеоларыңды желіге салып, көптің алдында масқараңды шығарамын" деп қорқытып-үркіте берді. Мен оның талаптарын орындауға келіскен басты себебім: Instagram-да менің жақын туыстарым көп еді", - дейді ол.

Сондай-ақ Гильман Жұлдызды видео-бақылауда ұстаған көрінеді.

"Ол бәрін видеоға түсірткізді. Тамақ жегенімді, қайда барғанымды, тіпті қызымды сабаққа апарған кезімді де видеоға түсіртті. Бірақ ол осымен тоқтамады, WhatsApp арқылы жыныстық қатынасқа түсуге де мәжбүрледі... Әр күн сайын мен оның айтқандарын екі етпей орындай бердім, тек бір күні желіде масқара жағдай басталмағанша", - дейді хат авторы.

Еркек ақыры шыдамай, Instagram-ға әйелдің туған-туыстарымен түскен суретін коллаж ретінде орналастырып, оның ұятсыздығы туралы жазған. Осы жайт келіншектің полицияға арыздануына түрткі болған.

Өз хатында Жұлдыз көпірден секіріп өлмек болғанын жазады. Бірақ оны анасы құтқарып қалған. Ол қайта-қайта полицияға шағымданған, бірақ онысы нәтиже бермеген.

2019 жылы шілдеде ер адамды полиция ұстайды, бірақ оны босатып жібереді. Келіншек арызды кейін қайтарып, оны кешіреді. Бірақ Гильман Рехманов бопсалауын қоймайды.

"Ол Instagram-ға менің көршілерімнің, достарымның, ата-анамның, бауыр, сіңлілерімнің суретін жариялады. Көршілерім үйге келіп, айғай-шу шығарды, олар менің көшуімді талап етті. Шешем мектепте завуч болатын. Осы жағдайдан соң жүйкесі сыр беріп, қарапайым мұғалім болып қалды. Ал мен барлығынан үміт үздім" деп жазды әйел.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі "Мой город" басылымына Гильман Рехмановтың қазір Әзербайжанда екенін айтқан.

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 1-тармағы ("Бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір құқықтық көмек алумен байланысты тергеу жүргізілуде", - деді құзырлы ведомствадағылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары