$ 498.34  519.72  4.85

Мұнай компаниялары Каспийдің болашағына балта шауып жатыр

Экологтар жоба жүзеге асса не болатынын және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін айтып берді.
Фото: liter.kz
Фото: liter.kz

Каспий теңізі. Қазақстандағы ең үлкен су айдыны. Қазір Каспий теңізінің жалпы ауданы 390 мың шаршы шақырымнан асады, ал жалпы бассейні (теңізге құятын 130 өзен-суларды қоса есептегенде, негізгі ағынын Еділ мен Жайық беріп отыр) 3,1 миллион шаршы шақырымды құрайды. Максималды тереңдігі - 1025 метр. Алайда бұл сандар жақын арада өзгеруі мүмкін. Оған теңіз түбінің тереңдеуі себеп болмақ. Бастаманы мұнайшылар көтеріп отыр. Белгілі болып отырғаны бұған тек қазақстандық компаниялар ғана мүдделі болып отырған жоқ. Бұл туралы, әрине, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі толықтай құлағдар. Бірақ нақты не істелетіні әлі белгісіз. Теңіз түбін тереңдету жұмыстары Каспийдің кейбір жануарларының түбегейлі жойылуына алып келуі мүмкін екендігі белгілі болып отыр. Сонымен қатар, басқа да тіршілік иелеріне үлкен қауіп төндіреді. Яғни табиғи баланс пен мыңдаған тіптен миллиондаған жылдар бойына жалғасқан тамақтану тізбегі бұзылады. Liter.kz бұл қиын мәселенің егжей-тегжейін анықтап, сонымен қатар сарапшылардың Экология министрлігінің ұстанымын қалай бағалайтынын бағамдап көрді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Каспийдің түбін тереңдеткісі келіп отырған кім?

Осы бірегей ортаазиялық су қоймасының түбін қазбақ болып отырған North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясы. Егер бұл жоспарлар орындалса, теңіз түбінде әрқайсысы 56 шақырым болатын екі канал болады. Экологтар бұл мәселеге өте қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, мұның арты салдары ұзақ уақытқа созылатын болатын апатты жағдайға алып келуі мүмкін. Бірақ бұл туралы сәл кейінірек тоқталатын боламыз. Алдымен түсінікті болуы үшін компанияның өзі туралы әрі Каспий теңізінің түбін тереңдету кімге пайдалы болғалы отырғанына тоқталып өтейік. 

NCOC компаниясы 1990 жылдардың соңында құрылды. Жоба Қазақстандағы мұнай-газ кеніштерін игеру үшін құрылды. Қазір оның құрамына Қашаған, Қайран және Ақтоты кеніштері кіреді. NCOC компаниясының есептеуі бойынша бойынша, Қашаған кеніші аумағында 4200 метр тереңдікте құрамында күкіртті сутегі мен көмірқышқыл газының мөлшері жоғары жеңіл мұнай жатыр.

Барлау жұмыстары 1997 жылы екі тарап - Қазақстан және ірі мұнай-газ компанияларының халықаралық консорциумы қол қойған Солтүстік Каспийдегі өнімді бөлу туралы келісім (СРПСК) аясында жүзеге асырылады. 

Бұл консорциумға NCOC веб-сайтындағы ақпараттарға сәйкес әлемдегі жеті ірі компания кіреді: ҚазМұнайГаз (16,88%), Impex (7,56%), Shell (16,81%), Exxon Mobil (16,81%), CNPC (8,33%), Total (16,81%) және Eni (16,81%).  «Әрбір акционер өнімнің өзіндік үлесін тасымалдау және сату үшін, сондай-ақ осы өнімдерді есеп беру және Үкіметпен бөлісу үшін СРПСК -ке сәйкес дербес жауап береді» делінген. Қазақстанда акциялардың жартысы, тіпті төрттен бірі де жоқ екенін көріп отырмыз.

Жер қойнауын пайдаланушылардың нақты жоспары қандай?

Ауқымдығы жағынан және ресурстарды тарту және табиғатқа әсері жағынан біздің елде бұрын-соңды болмаған жоба - екі кеме арнасын құруды қамтиды. NCOC-тың айтуынша жоба былай болмақ: тереңдетіп қазу арқылы ұзындығы 56 шақырым және ені 80 метрден 115 метрге дейінгі кеңістік қазу. Ол үшін Каспийдегі Қашаған кен орнының маңынан 18 миллион текше метрден астам құм қазылып алынуы керек. Олар жоспарланған жұмысты жүзеге асырғысы келетін аумақ 29 миллион шаршы метрді құрайды.

Кейбір мәліметтер бойынша, жобаны жүзеге асыру 2022 жылдың күзіне дейін жоспарланған. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, North Caspian Operating Company N.V компаниясы 2032 жылға дейін «теңіз кешеніне қызмет көрсету логистикасы жүйесін» оңтайландыруды жоспарлап отыр.

Бірқатар БАҚ Қазақстанда мемлекеттік органдар тарапынан барлық мүдделі тараптар тартылатын тыңдаулар өткізілмегенін хабарлайды. Тек NCOC-тің өзі өткізген тыңдаулар туралы ғана белгілі.

«NCOC компаниясы қоғамдық тыңдаулар өткізді. Алайда, олар өте тыныш өтті-осындай маңызды мәселені талқылауға тек 100 адам қатысты», - делінген бір басылымның мақаласында. 

Каспий теңізінің флорасы мен фаунасына не қауіп төндіреді? Экология министрлігінің ұстанымы қалай болмақ?

Бірқатар экологтар, азаматтық белсенділер және табиғатты қорғаушылар Каспий теңізінің түбінде қалыптасқан топырақ тепе-теңдігінің бұзылуы балық пен басқа да теңіз жануарларын аш қалдыратынын айтады. 

Жобаны толық бағалау үшін көп жұмыс істеу керек, деді Қазақстанның тәжірибелі экологтары қауымдастығының басқарма төрайымы Лаура Маликова. Оның айтуынша, теріс әсері көп болады. Оны мүмкіндігінше азайтуға, өтеуге болатынй етіп мұқият зерттеу жүргізу керек.

«Объективті зерттеу жоқ - ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау - редактордың ескертпесі). ҚОӘБ тапсырысы NCOC компаниясының тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Жобалаушы қаржылық жағынан тапсырыс берушіге тәуелді. «Кім ақша төлесе, әнді сол тапырыс береді» деген секілді ғой. Біз бұл мәселені атап өттік: жобалар тапсырыс бойынша жасалғанда, әдетте мәліметтер біржақты болады. Мұнда тәуелсіз зерттеу, тәуелсіз бағалау жүргізу маңызды. Мұны ғылыми ұйымдар жүзеге асыра алар еді. Біздің үкімет мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын шығармас бұрын, немесе Экология министрлігін қаржыландыруы керек. Егер қорқыныш болса, олар тәуелсіз сарапшыларды, ғылыми ұйымдарды жалдауы керек еді. 

Сараптамаға қатысты шағымдар өте көп. Бұл қалай жүзеге асырылды? бұл өте үлкен сұрақ. Мемлекеттік орган қандай пікірлер болғанын жарияламайды. Олар жалпылама түрде түсініктемелер болғанын айтты. Бұл жүйелік проблема - мемлекеттік институттардың әлсіздігі!» - дейді Лаура Маликова.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде жауапты тұлғалардың біліктілігіне немесе дайын болуына байланысты проблема туындауы мүмкін. «Мемлекеттік қызметте кадр тапшылығы проблемасы бар. Содан кейін бұл сәттер теріс көрініс табады (жұмыс барысында). Қазір Экология министрлігінде өндірісте тәжірибесі жоқ кешегі студенттер жұмыс істейді. Олар 10 жылдық тәжірибесі бар жобалаушыларды қалай тексере алады? Экология министрлігінде сарапшы болу үшін адамның өндірістік тәжірибесі, эколог ретінде жұмыс тәжірибесі болуы керек деп санаймыз. Олар жобалаушыларға қарағанда сауатты болуы керек. Сонда олар жобалаушы қай жерде алдағанын немесе қай жерде қателіктер бар екенін көре алды», - деп түсіндірді Маликова.

Тағы бір табиғатты қорғау ұйымының басшысы Каспий мәселесін ертерек шешу керек болғанын айтады.
«Дабыл қағуда сәл кеш қалдық. Негізі, теңізде мұнай өндіруге мүлдем тыйым салу керек еді. Әрине, бұл экологиялық жағынан қолайсыз болады. Мүмкін, теңіз түбінен грифондар келе жатқан шығар (грифинді шұңқыр сақинасы бойымен жоғары қысыммен қозғалатын сұйықтықтың (көбінесе газдың) бетіне кенеттен серпіліс деп атайды - ред.). Арналар арқылы: әрине, ол бентос (балық үшін тамақ), планктонды бұзушы, уақытша күйзеліске толы болады.

«Мен сарапшылар комитетінде болдым. Жұртшылық қарсы, бірақ мемлекеттік шешуші органдар жұртшылықты тыңдамайды. Экология министрлігі сараптамалық қорытынды шығарды ғой. Бәрі жоғары жаққа бағынады емес пе, ал жоғарғы жақ экономикалық пайдаға көз жүгірткісі келеді. Өйткені пайданың басты көзі сол мұнайда жатыр», - деді «Атамекен-Эко» экологиялық қоғамдық қорының жетекшісі Арман Хайруллин.

Ол сонымен қатар Қазақстан қазір ең қолайлы жағдайда емес екенін анық айтты.

«Бұл халықаралық келісім. Ал егер инвесторлар халықаралық арбитраждық соттарға жүгінсе, олар ұтады. Біз өтемақы мен келтірілген шығынды төлейміз. Біз теңізді қалай өлтірмеу керектігін ойлауымыз керек. Онда бес миллиард баррель мұнай бар, ол тағы 100 жылға жетеді », - деп түсіндірді Хайруллин.

Ірі апат болған жағдайда сот ісі одан да нашар болуы мүмкін. Ол сотқа теңіздің жағалауындағы елдер де, халықаралық ұйымдар да ұсына алады.

Петиция: белсенділер Каспийдің солтүстік-шығысын ерекше қорғалатын табиғи аймақ ретінде тануды ұсынды

Онда Каспий теңізінің қазір жүргізіліп жатқан қазу мен тереңдету жұмыытарын тоқтатуға шақырған. Петицияны белгілі журналист және қоғам белсендісі Бигелді Ғабдуллин мен оның серіктері жасап шыққан болатын.

«Біз алдағы 30 жылдағы теңіз тағдырын анықтайтын жобаны егжей-тегжейлі зерттедік және мәлімдейміз: NCOC консорциумы мен Энергетика министрлігінің стратегиясы Каспий теңізінің флорасы мен фаунасына өте зиянды. NCOC компаниясы, Қоршаған орта министрлігі және Энергетика министрлігі Қазақстанның қоршаған ортасына төнген бұл орасан зор қауіпті ескермейді », - делінген құжатта.

Онда қазақстандықтар биліктен қоғамдық тыңдаулар өткізуді, Каспий теңізіне республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын аумақ мәртебесін беруді, түбін тереңдету, дренаждау немесе қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін басқа да инфрақұрылымдық жұмыстарға мораторий жариялауды сұрайды.

«Жұмыс жүргіземіз деп белгіленген аумақтар – балықтардың бұрыннан келе жатқан тіршілік ететін тарихи мекендері және көшу, қозғалу жолдары. Балықтар қазірдің өзінде Жайық өзенінің бассейнінен кетіп жатыр. Сонымен бірге, каналдар үнемі лаймен толтырылатындығын ескере отырып, оларды аса ыджаһаттылықпен қадағалау қажет. Әйтпесе бұл өз кезегінде қорғалатын табиғи аумақтардың тыныштығын жүйелі түрде бұзып, сол арқылы жағалау аймақтарының флорасы мен фаунасына кері әсерін тигізеді », - деп жазылған петицияда.

Белсенділер сонымен қатар Каспийдегі су деңгейі жасанды ойпаттар мен тереңдетулер жасамай-ақ төмендеп бара жатқанын ескертті. Петицияның толық мәтінін мына жерден таба аласыз.

Каспий жасанды тереңдетусіз-ақ өздігінен таязданып барады

Каспийде су азаюда, және бұл тек кешеден бері ғана емес. 1996 жылдан бастап жыл сайын теңіз деңгейі шамамен жеті сантиметрге төмендеді. Бұл туралы Америка Құрама Штаттарының ғалымдары - Америкалық геофизикалық қоғамның хабарламасында айтылған. 

Олар теңіздің таяздануы одан әрі жалғаса беретінін, әсіресе дәл солтүстік және шығыс бөліктерінде көбірек орын алатынын мәлімдеді.

2020 жылы Nature Communications Earth & Environment журналында Каспий теңізі туралы арнайы материал жарық көрді. Онда 2100 жылға қарай Каспий теңізінің деңгейі 9-18 метрге төмендейді деп дабыл қағуда. Сонымен қатар, мақала авторлары жалпы теңіз бассейнінің ауданы 23-34% -ға азаяды дейді. Бұл қазақ елі ғана емес, әлем үшін алаңдауға негіз бар маңызды мәселе. Оны Қазақстан Республикасының Үкіметі, атап айтқанда, Экология министрлігі де ескеріп, дер кезінде шаралар қолдануы тиіс.

Экологтар Каспий теңізі болашақта Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін деп болжауда. Айтпақшы, Қазақстандағы тағы бір үлкен су қоймасына осындай қауіп төніп тұр. Бұл Балқаш көлі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары