Инстаграм әлеуметтік желісіндегі “qazaqstanda” парақшасында жарияланған видео қызу талқыға түсіп, елдің ызасын келтірді. Көпшілік бейнекөрініс аталған парақшада жарияланғандықтан Қазақстанда түсірілген топ топшылап отыр. Тик-ток үшін қазақстандықтардың да осындай бассыздыққа барып отырғаны көпшілікті ашуландырды.
“Масқара. Тоқшылық аздырар адам баласын… Кешегі атамыз осы нанға зар болып аштан қырылды емес па?
долго
Мынау ұят енді. Алла сақтасын, нанды аяқпен басу ол қандай тоқшылық. Алла кешірсін“,- деп жазылған жазбаның астында жазылған елдің пікірін оқып бітіру мүмкін емес.
“Малғұн”,”Нанның киесі ұратынын білмей ма сонда?”,”Мынаны ұстап алып қамап қою керек қой”,”Мәссаған, оңбаған аяғың сынса ғой”,”біреулер осы нанға зар ғой”,”тик ток үшін бәрін жасайтындар”,”Құдайдан безгендер”- деген сынды пікірлер қалдырды.
Еске салсақ, Тик ток жастар арасында кең танымал болған желі. Қазір әлемде оның аса зиян екені жиі айтыла бастады. Тіпті кейбір оған елдерде тиым салынған.
kznews