12 маусым күні Орал қаласының әкімшілік сотында қатарынан үш отырыс өтіп, «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген үш белсенді бірнеше күнге бостандығынан айырылды. Бұл туралы Азаттық жазды.
Полиция белсенділер Орынбай Оқасов, Дархан Қайырбаев және Амангелді Оразбаевты содан бір күн бұрын ұстаған. Оған олардың 29 мамырда қаланың орталық паркінде наразылық акциясын өткізуі түрткі болған.
Сот отырысында судья Ернар Халықов акцияны ұйымдастырушылар биліктен рұқсат алмаған деп үшеуін де қамауға үкім кесті. Орынбай Оқасовты әкімшілік кодекстің 488-бабы 11-тармағы (заңды бұза отырып өткізілген митингіге бір жыл ішінде екінші рет қатысу) бойынша бес күнге, Дархан Қайырбаев бен Амангелді Оразбаевты үш күнге бостандығынан айырды.