Мемлекеттің демографиялық коэфициентін ұдайы қадағалап, бала мен бала мәселелерінің шешілу жолдарына талдау жасап отыру елдегі әлеуметтік ахуалды бақылау үшін аса маңызды фактор боп саналады. Бұндай аса жауапкершілік пен қырағылықты талап ететін проблемалардың шешілу жолдарын тек мемлекет ішінде ғана қарастырып қоймай, ғаламдық, жахандық деңгейде де бағдарлап, сараптама жасап отырған дұрыс. Оған мысал қазір әлемдік масштабта кеңінен айтылып жүрген «ана капиталы» мәселесі. Бұл тақырып төңірегінде талдау жасаған Skifnews.kz ақпараттық порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязовтың арнайы брифинг кезінде айтқан сөздерін бағдарға алған болатын.
Брифинг кезінде Асқар Ниязов қоғамда мезгіл-мезгіл сайын көтеріліп жүрген Қазақстандағы аналар капиталын енгізу мәселесі бойынша өз пікірімен бөліскен еді.
«Жаһандық тәжірибеге сүйенсек, ана капиталы уақытша шара болып табылады және халықтың табиғи азаю процесін жеңу үшін туу коэффициентін ынталандыру мақсатында қолданылады. Аналық капитал өмір жағдайында бір-екі рет тұрғын үй жағдайын жақсарту, балаларды оқыту, мүгедек баланы қоғамға бейімдеу және интеграциялау, ана зейнетақысының қаржыландырылған бөлігі сияқты мақсаттар үшін беріледі. Сонымен бірге, барлық куәлік иелері ана капиталын қолдана алмайды. Мысалы, үй сатып алу үшін ипотека алуға өтініш берген кезде бұл соманы алғашқы жарна ретінде төлеу үшін сіз төлей алатын мүмкіндігіңізге сендіру керек, ал балаларыңызды мектеп бітіргенше күтуіңіз керек.
Айта кететін жайт, қазіргі кезде бала тууды арттыру мәселесі біздің ел үшін аса түйінді мәселе боп табылмайды. Олай деу себебіміз, 2020 жылы туу коэффициенті 3.13-ке жетті, ал халықтың өзін-өзі көбейтуі үшін 2.1 деңгейінің өзі жеткілікті».
Сондай-ақ ол бала күтіміне ақы төлеу мерзімін ұлғайту мәселесіне қатысты пікір білдірді.
Оның сөзінше, бұл әлеуметтік кодексті әзірлеу үшін аталған мәселе бойынша түрлі әдістер қарастырылуда. Аталған тәсілдерді қарау нәтижелері бойынша бюджеттік комиссияның қолдауын ескере отырып, әзірленіп жатқан әлеуметтік кодекс шеңберінде норманы жетілдіру ұсынылған.
Одан бөлек, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдерге 1 жылға дейін ата-анасының демалысында болған кезде міндетті зейнетақы жарналарына субсидиялар енгізілгені туралы да сөз болды. Бұл олардың зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға және зейнетақымен қамсыздандырудың тиісті деңгейіне қол жеткізуге көмектеседі. 2020 жылы Мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушылардың 87 275 алушысының жеке зейнетақы шоттарына 5,7 миллиард теңге аударылды. Осы жылға шамамен 7 миллиард теңге қарастырылған.
Сонымен қатар ол көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік бергенін де атап өтті. Бұған 2020 жылы туу коэффициентінің 426,8 мың балаға дейін өсуі дәлел. Сондай-ақ үшінші, төртінші, бесінші және одан да көп балалар дүниеге келген отбасылардың үлесі 48% -ды құраған.
Биылғы жылы Мемлекеттік әлеуметтік қордан жоғарыда аталған әлеуметтік төлемдерге 253,8 миллиард теңге қарастырылғанын айта кеткен жөн.