$ 447.4  477.55  4.76

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызмет түрі жаңаруда

Қажетті сұраныстардың барлығына Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, үйде отырып-ақ өтінім беріп, қажетті құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік алды.
фото: ernur.kz
фото: ernur.kz

Электронды үкімет порталы Қазақстан азаматтары үшін көмек көрсетудің таптырмас құралы болып отыр. Жұмысқа орналасу, саяхаттау, тұрғын үй алу, медициналық сақтандыру сияқты негізгі функциялармен қатар, жәрдемақы, әлеуметтік көмек алу сияқты ең қажетті сұраныста да осы портал арқылы жүзеге асып жатады.

Ел басына үлкен зардап пен қиындық алып келген пандемия кезінде де осы eGov.kz сайты халыққа көп көмек болды. Қажетті сұраныстардың барлығына Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, үйде отырып-ақ өтінім беріп, қажетті құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік алды. Әсіресе, бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін үлкен көмек болды. Сонымен қатар, eGov.kz сайтында тағы бір жақсы жаңалық орын алып жатыр екен. Сонымен бөлісуді жөн көрдік. 

Электронды үкімет порталында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды

Енді eGov.kz сайтында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үйде және медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш бере алады. Бұрын бұл үшін Халыққа қызмет көрсету орындарына немесе жергілікті атқарушы органға хабарласу қажет болатын.
Қызметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамымен бірге көрсетеді.

Қандай сұранымдарды жүзеге асыруға болады екен?

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін біз электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімін кезең -кезеңмен кеңейтіп жатырмыз. Жаңа цифрлық шешім ерекше қажеттіліктері бар адамдарға онлайн режимінде, үйден шықпай-ақ, үйдегі күтім жағдайында немесе медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды ресімдеуге мүмкіндік береді. Қолданушылар бұл қызметке өздері үшін, өз баласына немесе қамқоршылықтағы балаға тапсырыс бере алады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Бұл функция қалай жүзеге асады?

Құжаттарды рәсімдеу үшін электронды үкімет порталында тиісті қызметті таңдау, сұралған ақпаратты толтыру, құжаттарды тіркеу, электранды санды қолтаңба немесе бір реттік парольді қолдану арқылы сұрауға қол қою қажет. Мемлекеттік органның сұранысы сәтті өңделгеннен кейін жеке кабинетке өтінімнің орындалғаны туралы хабарлама жіберіледі.

Порталда қызмет көрсету мерзімі үйде күтім жағдайында көмек алғысы келетін пайдаланушылар үшін 14 жұмыс күнін құрайды, ал егер қолданушы медициналық және әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетуге өтініш білдірсе, 17 жұмыс күні ішінде жүзеге асады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары