$ 449.3  489.69  4.89

2022 жылы ең төменгі жалақы қанша болады?

Президент ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мыңға дейін көтеруді тапсырған болатын. Бұл үшін мемлекеттік органдар бюджетті қайта қарап жатыр.

"2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы жария талқылауға шығарылды. Құжатта 2022 жылы зейнетақы мен ең төменгі жалақының болжамды мөлшері анықталған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесінде өзгеріске ең төменгі жалақы мөлшерінің 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге артуы себеп болғаны жазылған.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:     

жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұл санкциялары, салық және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
базалық әлеуметтiк төлем мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн, деп жазылған құжатта.

Заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. 6 қазанға дейін талқыланады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зейнетақы