Бүгінгі сөз 22.03.2018 сағат 04:02

Ринат Зайытов: «Менімен араласқаны үшін жұмыстан шығып қалған таныстарым бар»

Жуырда Петропавлда өткен ақындар айтысында топ жарып, бас жүлдені жеңіп алған Ринат Зайытов бір уақыттарда өзімен араласқаны үшін кейбір достарының жұмыстан қуылғанын айтады. Бұл жайында ол «Сөккен әңгіме» бағдарламасының эфирінде әңгімеледі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айта кету керек, кезінде Ринат Зайытов билікті, биліктегі сыбайластықты, сарай ақындарын қатты сынап, ақырында өзі айтыстан шеттеп қалған болатын. Осынау сұхбаты барысында ол өзіне айтарлықтай қарсылық көрсеткендердің қатарында Жүрсін Ерманның барын да жасырмай айтты.

«Ішім ашиды, менімен араласқаны үшін жұмыстан шығып жатқан таныстарым бар. Мені Бекболат Тілеухан да, Жүрсін Ерман да айтысқа қатыстырмай тастады», - деген Ринат жақында өз телеканалын ашатынын мәлімдеді.

«Қазір ешкім құлағымен ән тыңдамайды, бәрі аяғымен тыңдайды. Қайда барсаң әншілер, тамақ істейтін де солар. Ойлаймын, келесі президент те әнші болатын шығар... Жақында жаңа телеканал ашайын деп отырмыз. Бірақ ол жерде эстрада болмайды», - деп айтыскер жоспарымен бөлісе кетті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар