$ 494.87  520.65  4.91

Жер бетінде атеистердің саны күрт азайып барады

АҚШ пен Малазйзия ғалымдары атеистер мен Құдайға сенушілердің туу көрсеткішін зерттей келе дінсіздердің жойылып бара жатқанын анықтады. Олардың пікірінше, атеистердің өмір сүру салты мен мәдениеті ғана емес, сондай-ақ, генетикалық факторлар да туу көрсеткішінің төмендеуіне әсер еткен. Осынау ғылыми мақала Naked Science порталында жарияланды.

Ғалымдар барлығы 4 мыңдай адамды зерттеген, олардың барлығына жуығы жастар. Респонденттер отбасында қанша ағайынды екені және қандай дінді ұстанатындары туралы сұрақтарға жауап берген.

"Анықталғандай, Малайзиядағы атеистердің отбасында дін ұстанатын отбасылармен салыстырғанда 1,5 сәбиге кем туылады. Бірақ, АҚШ-та соншалықты айырмашылық жоқ", - делінген аталған зерттеуде.

Ғалымдардың сөзінше, атеистер уақыт санап азайып барады. Ал, Құдайға сенушілердің қатары қарқынды түрде өсуде.

"Дамыған ел тұрғындарының көпшілігі Құдайға сенбейді. Бірақ, мұндай атеистердің қатары соңғы жылдары күрт азайып барады. Мәселен, атеистік Швецияда бір әйелге 1,91 сәбиден келеді. Бұл жергілікті халықтың санын сақтап қалу үшін өте аз көрсеткіш. Кем дегенде, бір әйелге 2,1 сәбиден келуі керек", - дейді америкалық ғалымдар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары