Бала кезінен әдебиетке құмартса да, әдебиетші боламын деп армандамаған. Ең алғашқы арманы – геолог болу еді.
Осыдан 84 жыл бұрын (1939-2015) Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш КЕКІЛБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әбіш Кекілбаев Атырау облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген.
Еңбек жолы: Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары, Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар реферантурасының басшысы, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12 және 13-шақырылымының депутаты - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 1-шақырылымының депутаты - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 13-шақырылымының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Асар» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі, 2007-2010 жылдары ҚР Парламент Сенатының депутаты – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі болды.
Бала кезінен әдебиетке құмартса да, әдебиетші боламын деп армандамаған. Ең алғашқы арманы – геолог болу еді.
Шетте жатқан Маңғыстауда тудым. Ол кезде Маңғыстаудың шаруашылығы да, экономикасы да артта қалған еді. Жолсыз, көп нәрсені көрмейтін, айда, жылда поштасы бір соғатын жерде туып өстім. Соған байланысты менің ең бірінші арманым – өзім өскен ортада, өзім өскен түбекте жаңару болса екен деп тіледім. Сөйтіп әуелі геолог болуға құмарттым. Өйткені ол кезде геологтар Маңғыстауда көп кезігетін. Мен де соларға еріп, біраз сергелдеңге түстім. Әдебиетті жақсы көрдім, оқыдым, ептеп өлең жазып жүрдім. Бірақ әдебиетші боламын деп армандаған жоқпын, - деген еді марқұм жазушы бір сұхбатында.
Әбіш Кекілбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы "Алтын шуақ" деп аталады. Ол 1962 жылы жарық көрді. Ал "Бір шөкім бұлт" 1965 жылы баспадан шықты.
1982 жылы "Шыңырау" повестер жинағы қалың оқырманға жол тартты. Жазушының "Үркер" (1981), "Елең-алаң" (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.