Көз майын тауысып, біршама ғылыми бағыттардағы еңбектергі зерттеген, оқыған.
Қазақтан ғалымдары күн сайын жаңалық ашудан челлендж бастап кеткендей. Бұл сөзімізге себеп жоқ емес. Өйткені жаңалықтардан отандық ғалымдардың тыңнан түрен салған еңбегі, ізденісінің нәтижесі туралы көңіл көншітерлік жақсы жаңалықтарды жиі еститін болдық. Тіпті еліміздің ғалымдары Қазақстан тұрмақ, әлемдік деңгейдегі ғылыми орталарды өз істерімен, зерттеулерімен мойындатып үлгерді. Соңғы жылдары ғылымға қаржыландырудың тамырына қан жүгіргендіктен болар, ғалымдардың еңбегі бүгінде түрлі салады қолданысқа енгізілді. Игілігін жалпы, қазақстандық қоғам көріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мәселен, біздің ғалымдар адам қанының құрамын тазалайтын су жаңа технология ойлап шығарды. Әрине, бірден емес. Бұл әдісті жасап шығару үшін ғалымдар біраз еңбектенген. Көз майын тауысып, біршама ғылыми бағыттардағы еңбектергі зерттеген, оқыған.
Жаңа технология қалай десеңіз, ғалымдары ойластырған технологияның көмегімен қанды сүзгіден өткізу арқылы тазартуға әбден болады. Яғни, әлгі құрылғы адам ағзасына түскен түрлі инфекцияларды, зиянды микробтарды губка секілді сіңіріп алады.
«Өздеріңіз білетіндей, соңғы онжылдықта тұрғындар арасында бауыры, бүйрегі, ішкі құрылыстары ауыратындар саны көбейді. Біз осыны ойлап, зерттеу жүргіздік. Демек, бауыр және бүйрек ауруларының алдын алу үшін жасалған технология гемосорбция тәсілімен іске асырылады. Өзіміз бұл жаңа технологияны ойлап табу үшін төрт жылдай іздендік, зерттедік», - дейді ғалымдар.
Айта кететін жайт, ғалымдар осы жаңалықты ашуы үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне бағынышты «Ғылым қоры» қаржылай қолдау көрсеткен. Мысалы, Қор 294 млн теңге қаражат бөлген. Айтпақшы, ғалымдардың жаңалығы отандық, халықааралық патенттерге ие болды.
Мемлекеттік қолдауымен ашылған «Болашақ» бағдарламасының түлегі тіс эмалын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін имплант әзірледі. Қазақстандық ғалым Бауыржан Айтуовтың ойлап тапқан имланты «InnoDent» технологиясы арқылы қолжетімді.
Биолог-генетиктің сөзінше, дәл осы жаңалық тісте қалыптасып қойған дақ түріндегі тісжегіні емдеуге ұтымды әдіс.
«Әріптестерімен бірге бұзылған эмалды қалпына келтіру үшін амин қышқылдарынан амелогенин ақуызын жасанды түрде синтездедік. Бұл сұйықтықты тісжегі енді-енді бұзыла бастағанда тіске тамызса, 1 ай ішінде тіс эмалы қалпына келеді. Осы дәрінің арқасында тісжегісін смоматологиялық құралдармен бұрғыламай, шұқымай отасыз емдеуге мүмкіндік бар», - деді ғалым.
Айтпақшы, өнертапқыш ғалымның патенттелген осы технологиясы немесе препараты шетелде де сұранысқа ие.
Бұдан бөлек, тағы бір жас ғалымымыз М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқытушы болып жұмыс істейтін жас ғалым Жанғазы Молдамұратов 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды қаржыландыруға арналған конкурста құны 17 миллион теңгеден асатын грантты ұтып алды. Бұл байқауға Ғылым және жоғары білім министрлігі инновациялық жобаларды қаржыландыру жөнінде тапсырма берген. Министрліктің бастамаы аясында жас ғалым өз идеясын, ғылыми зерттеуін іске асыратын болды.
«Министрлік ұйымдастырған «Жас ғалым» байқауына «Суару арналарын қайта құру мен жөндеудің кешенді технологиясын әзірлеу» атты жобамды ұсынып едім. Еңбегім ақталды, нәтижесінде құны — 17149120 теңгеден асатын грантқа ие болды. Бұл мен зор жетістік», - деді Жанғазы Нұржанұлы.
Қорытындыласақ, жоғарыда аты аталған ғалымдардың барлығы мемлекеттік ғылымға көңіл бөлуінің нәтижесінде ойын шындыққа айналдырып отыр.