Жастардың жамандықтан бойын аулақ ұстауы үшін ата-анамен қатар, ұстаздар да жауапты.
Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін жоғарғы оқу орындарында озық технологияларды қолдану аса маңызды. Себебі жасанды интеллект, жаңа цифрлық технологиялар білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, келешекте ел мүддесіне қызмет ететін студент жастардың тәрбиесі мен білімі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екені анық. Мұнайшылар өлкесі Атырауда өткен үшінші ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтқа қауіп төндіретін жағымсыз әдеттермен күресу туралы жан-жақты айтты. Жастардың жамандықтан бойын аулақ ұстауы үшін ата-анамен қатар, ұстаздар да жауапты. Бұл ретте С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің оқытушысы, тіл пәндері кафедрасының меңгерушісі, доцент Әнел Бақтыбаевамен сұхбат құрған едік.
- Әнел ханым, әңгімемізді алдымен білім беру саласынан бастасақ. Болашағы зор бағыт – жасанды интеллект технологиялары. Осындай озық технологиялардың жоғары оқу орындарында білім беруде қолданудың ролі, әсері қандай?
- Жасанды интеллект қазір жылдам дамып жатыр. Оның білім берудегі әлеуеті күн өткен сайын артып келеді. Соңғы бірнеше жыл ішінде, дәлірек айтсақ, 2018 жылдан бастап біз Хельсинки университетімен бірлесіп «Revita» платформасында жұмыс істейміз, оның көмегімен медициналық мәтіндер мысалында қазақ және орыс тілдерін оқытамыз. Пайдаланушы таңдаған немесе тест арқылы анықталған тілді меңгеру деңгейіне байланысты, сервис таңдалған медициналық мәтін негізінде жасалған жеке жаттығуларды ұсынады. Бұл әр түрлі тілдік аспектілерді қамтиды және студенттің әр жаттығуды қаншалықты дұрыс және жылдам орындайтынына байланысты жүйе жоғары деңгейге жетудің ең жылдам жолын таңдайды және тиісті жаттығуларды ұсынады. Студенттің жұмыс кезінде аударатын сөздеріне байланысты жеке-жеке қалыптасатын флэш-карталар жиынтығы сөздік қорын кеңейтуге арналған. Жаттығулардағы ақылды анықтамалық жүйелер белгілі бір дәрежеде мұғалімді алмастыруы керек. Алдағы уақытта біздің оқу орнында бұл салада тың жаңалықтар көп болады. Барлығы уақыт еншісінде. Жақында ғана өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып кеткендей, бұл сала әлі үлкен қарқынмен дамиды. Елімізде биылғы жылдың соңына дейін суперкомпьютер жасалынып, жаңа дата-орталықты іске қосу жоспарланған. Бұл жаңа технология барлық саланың жұмысын оңтайландырады деп санаймын.
- Сабақтың тиімділігін арттыру үшін тағы қандай әдістерге жүгінесіздер?
- Қоғамға бейімделген білікті мамандарды даярлау үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданған жөн деп санаймын. Осыған сәйкес оқытушылар қауымы үнемі ізденісте. Жасанды интеллект көмегімен қазақ және орыс тілдерін білу деңгейін диагностикалау саласына тоқталып өтсем деймін. Өйткені осы бойынша көптеген жұмыстарды атқарып жатырмыз. Мәселен, сабақты бастамас бұрын біз кіру тестілеуін өткіземіз. Бұл платформаның сынақтары тілдік дағдылардың дамуын бақылауға арналған. Revita жобасында олар кез-келген ана тілінде оқитын студенттердің қажеттіліктеріне бейімделген. Өзінің әдістемелік бөлімінде тесттер оқытудағы өңдеу моделіне сүйенеді және ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан, мысалы, дәрігерлерді даярлаудың оқу бағдарламаларында прогресс сынақтарынан бастау алады.
- Студенттерге арналған тапсырмалар базасы қалыптасқан ба?
- Бізде мәліметтердің үлкен базасы бар. Студенттерге арналған тапсырмалар қазіргі уақытта әртүрлі тақырыптар бойынша шамамен 3,5 мың тапсырманы қамтитын көлемді мәліметтер базасынан таңдалады. Ауытқу мен конъюгациядан емлеге дейін іріктеледі. Тестілеуден бұрын мұғалім немесе студент тапсырмалар санын және қандай тақырыпты таңдау керектігін анықтай алады. Олардың жалпы санын, жауаптарға бөлінген уақытты және басқа да параметрлерді бақылау мүмкіндігі бар. Дерекқордан нақты сұрақтарды таңдау компьютермен автоматты түрде жүзеге асырылады.
Әр бөлім өз кезегінде тақырыптардың кеңейтілген тізімімен ұсынылған. Тесттегі барлық тапсырмалар бірнеше таңдау сұрақтары болып табылады, multiple choice деп аталатын көптеген сынақтарда қолданылатын ең кең таралған форма. Әр сессияда мұғалімнің белгілі бір тапсырмалар саны бар, олардың әрқайсысына әдепкі бойынша 15 секунд беріледі. Тестілеу барысында тапсырмалар кездейсоқ түрде беріледі, бірақ тест соңында студент тақырыптар мен қиындық деңгейлері бойынша бөлінген нәтижелерді алады, олар дерекқорда сақталады, бұл студентке екінші тестілеу кезінде тілдік дағдыларының барысы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Нәтиже жалпыланған бағалауды да қамтиды. Дұрыс жауаптардың пайызы және сессияға енгізілген барлық тақырыптар бойынша жауаптардың егжей-тегжейлі көрінісі. Әрине, тесттің орындалуына тапсырмалардың орындалу қарқыны, зейінділік және тесттен шаршау әсер етеді. Сондықтан әр микротема бойынша кем дегенде үш сұрақ ұсынылады, бұл сенімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Соңында, тестті кез-келген ыңғайлы уақытта кез-келген жерде тапсыруға болатындығын ескеру маңызды. Әрине, мұндай жағдайларда әртүрлі манипуляциялар жасауға мүмкіндік бар, бірақ тәжірибе көрсеткендей, уақытты шектеу және нақты мотивация студенттердің тестілерді өз бетінше және кеңессіз тапсыруына әкеледі. Әзірленген тест жүйесінің басты артықшылықтарының бірі-білім деңгейін үздіксіз бағалау мүмкіндігі. Динамиканың мұндай нәзік бақылауы дамудағы прогресті бағалауға ғана емес, сонымен қатар жүйенің екінші модулі жауап беретін жеке тапсырмалар жиынтығын ұсынуға мүмкіндік береді.
- Оқытушы болғандықтан сіз күнде жастардың бел ортасында жүрсіз. Жасыратыны жоқ, бүгінде жастар мен оқушылар арасында арасында электронды шылым шегу белең алды. Қалай ойлайсыз, жұрттың бәрі бұл темекіге неге құмар?
- Иә, қоғамда дендеп тұрған дерттер ғой бұл. Электронды шылым шегу, вейп тұтыну, одан қалса насыбай ату сынды жағымсыз қылықтарға үлкен де кіші де әуес болып алғаны жасырын емес. Көбінесе ұл-қыздарымыз электронды темекіні әдеттегі темекіге қарағанда зиянды емес деп ойлайды. Бұл қате пікір. Дәрігерлер, электронды темекінің, вейптің, насыбайдың құрамында зиянды химикаттар, психобелсенді заттар, ауыр металдар, улы заттар бар екенін үнемі айтады. Электронды темекідегі, вейптегі улы химикаттар қанға өтетіндіктен психологиялық тәуелділікті туындатады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұлтымызға қауіп төндіретін лудомания, нашақорлық сынды проблемаларға да тоқталды. Жалпы біздің оқу орнында денсаулыққа зиянды әдеттер туралы профилактикалық әңгімелесу, сөйлесу өткізіліп тұрады. Бұл жерде бала тәрбиесінде ата-аналардың да белсенді болғаны абзал. Жақында ғана Мемлекет басшысы Атырауда өткен құрылтайда ұлт денсаулығына орасан зор зиян келтіріп жатқан вейп мәселесін көтерді. «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз қажет. Яғни шын мәнінде озық ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын жаман әдет, жағымсыз қылық және қауіпті кеселден құтылуымыз керек», - деді. Жоғарғы оқу орнынында сабақ беретін ұстаз ретінде мен бұл пікірді құптаймын. Қазір Президентіміздің бастамасымен Парламентте вейптерді сатумен, таратумен айналысқан адамдарды қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заң жобасы қаралып жатыр. Осындай қатаң заң арқылы ғана бұл дерттің алдын алуға болады деп есептеймін. Жоғары медициналық білім беретін университет болғандықтан бізде көбіне студенттердің бос уақыты жоқ, сабақтан, практикалық іс-тәжірибеден қолдары босамайды. Өскелең ұрпақ зиянды әдеттерге бой алдырмасын десек олардың қолын бос қоймау керек. Ұл-қыздарымыз оқумен, еңбек етумен, спортпен айналыса, жаман әдеттерге арзан күлкіге жағымсыз қылықтарға үйір болмайды деп есептеймін. Қоғамды улайтын кеселдердің көзін жою үшін ел болып, жұрт болып жұмыла кірісуіміз керек. Бұл ретте мектептерден бастап, колледждер, жоғарғы оқу орындары барлығы келешек жастар тәрбиесіне бей-жай қарамауы тиіс. Жастар кітапханаларда білімін көтерумен айналысуы қажет. Ел болашағы жас ұрпақтың интеллектуалды әлеуетін арттыруға байланысты тәулігіне 24 сағат істейтін кітапханалар салу идеясын, Ұлттық кітап күнін атап өту бастамасы менің көңіліме қонды. Бұл идеяларды мен оқытушы, ұстаз ретінде құптаймын.
Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Меруерт Райым