05.04.2024, 15:40

Қазақстан ChatGPT-дің қазақша баламасын жасауға кірісті

Фото: pixabay.com

Оның пайымдауынша, ChatGPT-ның баламасын іске қосу үшін есептеу қуаты қажет.

Қазақстан ChatGPT-дің негізінде нейрожелі әзірлеуді бастап кетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Цифрлық үкіметті қолдау орталығының» бас директоры Рүстем Биғари мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«ChatGPT қазақ тілінде жұмыс істей алады. Бірақ ChatGPT қазақ тілінде сөйлеп, сұрақтарға еркін жауап беру үшін шамамен 13 млрд токен керек. Бүгінде онда 1,5 млрд токен бар. Бұл – 10 есе аз. Бүгінде алдымызда отандық модельді кітапханалар, шығармалар мен қазақстандық менталитетті ескеріп әзірлеу міндеті тұр. Жылдың соңына дейін қазақша модельді әзірлеп, оны одан әрі дамыту үшін қоғамға ұсынылуға тиіс», - деді Рүстем Биғари.

Оның пайымдауынша, ChatGPT-ның баламасын іске қосу үшін есептеу қуаты қажет.

«Бүгінде Назарбаев университетінің базасында 2 суперкомпьютер бар. Бұл – нормадан 10-15 есе аз. Мемлекет басшысына тапсырма беріп, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі суперкомпьютерлерді сатып алып, оны іске қосуға кірісті. Бұл ғалымдарға қазақстандық лингвистикалық модельді әзірлеуге мүмкіндік береді», - деді ол.