$ 484.11  528.79  5.03

Аймағамбетов: Басшылар сабақты 30 минутқа дейін қысқартуды ойлап таппағанына шүкір!

Бағдарламалардың мазмұны, білім мақсаттары өзгермей қалай сабақты қысқартуға болады? 

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Павлодар мектептерінде сабақты 40 минутқа дейін қысқартуға қатысты пікір білдірді. Оның пайымдауынша, аймақтарда сабақтың ұзақтығын өздері шешіп, әкімдікке ыңғайлы кез келген жағдайда онлайн оқуға көшетін болса, оқу процесі мүлдем хаосқа айналады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Павлодар облысының басшылары сабақтарды 30 минутқа дейін қысқартуды ойлап таппағанына шүкір! Бұндай логикамен, енді жаңа мектептер салмай-ақ, төрт ауысымға көшіп, миллиардтаған қаражатты үнемдеуге болар еді. Шынын айтқанда, Павлодарда сабақтарды қысқарту көптеген сұрақтар туғызады. Аймақтарда сабақтың ұзақтығын өздері шешіп, әкімдікке ыңғайлы кез келген жағдайда онлайн оқуға көшетін болса, оқу процесі мүлдем хаосқа айналады. Бағдарламалардың мазмұны, білім мақсаттары өзгермей қалай сабақты қысқартуға болады? Бұл білім сапасына және барлық оқушыларға сапалы білім алу үшін тең жағдай жасауға үлкен проблемалар тудыратыны анық.

Қызық парадокс: бір жағынан, ел бойынша бірыңғай уақыт белдеуі енгізіліп жатыр, ал екінші жағынан — әр облыс сабақтың ұзақтығын өзі шешеді. Бірізділік қайда? Ғылымға негізделген шешім қайда?», – деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 43
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 11

Серіктес жаңалықтары