Депутат бұл мектептерге қаржы неге көп құйылады деп мәселе көтерді.
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов палатаның жалпы отырысында «Назарбаев зияткерлік мектептеріне» жұмсалатын қаржы бүтін бір облыстың қаржысынан асып түскенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сөзінше, шығындардың кейбір санатының мемлекеттік жоспарлау ауқымынан негізсіз жоғары болуы үлкен алаңдаушылық туғызады.
«Мәселен, Үкімет 2011-2024 жылдары «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ға «мақсатты салым» жасады. Осылайша елдің мемлекеттік бюджеті ДББҰ-ға 689 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлді. 2011-2024 жылдардағы кезеңде мақсатты жарналар арқылы Назарбаев университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыру орташа алғанда бір білім алушыға 27 млн теңгені құрады. Бұл сан Қазақстанның кез келген өңіріндегі бір адам үшін есептегендегі субвенция көлемінен айтарлықтай артық. Салыстырар болсақ, аталған кезеңдегі жан басына шаққандағы ең жоғары қаржыландыру Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі, көрсеткіш орташа алғанда бір адамға 3 млн теңгеден келеді. Бір автономды білім беру ұйымына жұмсалатын қаржыландыру бүтін бір облыстың қаржыландыруына қарағанда неге айтарлықтай жоғары деген сұрақ туындайды», - деді депутат.
Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс алдағы үш жылдық республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдағанын жазғанбыз.