$ 498.55  524.28  4.75

Алматыда жаңа пәндер бойынша оқушылар оқулықпен 100% қамтылады – Білім басқармасы

Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Білім саласына енгізілген өзгерістер көп. Оларға мектептер мен мұғалімдер және оқушылардың өздері қаншалықты дайын? Осы және өзге де мәселелердің жауабын білу мақсатында Алматы қалалық Білім басқармасына хабарласқан болатынбыз.

Басқарма басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, Алматыда бұған дейін де үштілде білім беріп келген мектептер болған. Ал, биылдан бастап олардың қатары артады.

Бүгінде «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» бойынша ұстаздар мен білім саласы қызметкерлерінің алдына бірнеше міндет тұр. Толықтай көп тілді білім беру жүйесіне Қазақстан 2022 жылдан бастап ауысуды жоспарлап отыр. Алматы қаласы бойынша биыл 4 орта мектеп пен қазақ-түрік лицейлерінде 7-11 сыныптың 1113 оқушысы математика, физика, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыған. Ал, 2017-2018 оқу жылынан бастап 33 мектепте жаратылыстану бағытындағы кейбір пәндерді ағылшын тілінде жүргізу жоспарға енгізілген.

Физика, биология, химия, информатика пәндерінің мұғалімдеріне ағылшын тілін және ағылшын тілінде оқыту әдістемесін үйрету бойынша арнайы курстар ұйымдастырылыпты. Алматы қаласы Білім басқармасы берген мәліметке сәйкес, жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесін үйрету үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «КАТЕV» қоғамдық қоры және Педагогикалық шеберлік орталығы бірігіп 188 мұғалімді арнайы курс бойынша оқытады. Оған қоса, қала мектептерін оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін 528,2 млн. теңге бөлу қарастырылған.

«Алматы қаласының оқушыларын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамыз етуге жергілікті бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлінді. Бастауыш сыныптарда енгізіліп жатқан жаңа пәндер бойынша оқушылар оқулықтармен 100% қамтамыз етіледі. Қазіргі уақытта электронды оқулықтарға кезең-кезеңмен көшу іске асырылып жатыр. Мәселен, 2017-2018 оқу жылы электронды оқулықтар алуға жергілікті бюджеттен 15 750 000 теңге бөлінеді», - дейді Алматы қаласы Білім басқарамасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева.

Білім басқармасы мамандарының айтуынша, балалар қауіпсіздігі басты орында. Сол себепті оқу орындарының сейсмикалық қуатын арттыруға жіті мән беріледі. Негізінен биыл 42 мектеп құрылысы мен сейсмикалық қауіпсіздігін нығайту жоспарға енгізілген.

Білім саласындағы негізгі мәселе – сыныптағы балалар санының көптігі. Сондықтан, №198 мектеп жанынан қосалқы обьект салу мақсатында 28,4 млн. теңге, №138 гимназия жанынан 600 орынды нысан салу үшін 5 млн. теңге, №2 гуманитарлық-педагогикалық колледжде 500 оқушыға арналған қосалқы нысан құрылысына 4,8 млн теңге бөлінген екен.

Алматы қаласында 34 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 33 мамандық, 46 біліктілік бойынша дуальды оқыту жүйесі енгізілген. 2016-2017 оқу жылында дуальды оқыту жүйесі бойынша 75 кәсіпорынмен 655 келісім жасалып, оған 2296 студент қамтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары