$ 447.4  477.55  4.76

«Рухани жаңғыру» аясында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Алматыда «Рухани жаңғыру: жастар әлеуеті мен бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  Конференция Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында Алматы қаласындағы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарманың, Бостандық ауданы әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының қолдауымен ұйымдастырылған.

Оған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  «Мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің төрайымы, ҚХА мүшесі Асылы Осман, сондай-ақ, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ғалымдары, Алматы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, студенттер, колледж оқытушылары, мектептер мұғалімдері мен оқушылары, барлығы 300-ден астам адам қатысты.

- ҚазИТУ-де «Рухани жаңғырудың» «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының аясында «Жаһандық бәсекеге біліммен» атты жоба жасалды. Жоба аясында білім алушылардың туған жеріне деген патриоттық сезімін арттыру, басқа мәдениеттерге ашықтық, конфессияаралық келісім, өркениеттілікке ұлттық құндылықтар арқылы жету, саяси тілді білімге, компьютерлік сауаттылыққа, ғылымға құштарлықты арттыру және насихаттау мақсатындағы міндеттерімізді «Мәдени мұра – халық қазынасы», «Менің өлкем», «Ғылыми ізденіс», «Туған жерге туыңды тік», «Дарынды жастың дара жолы», «Білім. Ғылым. Инновация» атты мақсатты тақырыптарға біріктірдік. Әрине, қоғамға, жұмыс берушіге адамшылығы мол, елжанды, креативті, белсенді өмірлік ұстанымы бар, көшбасшылық қасиетке ие, сыни ойлауға қабілетті мамандар қажет, - деді ҚазИТУ проректоры Г.Сәрсенбекова.

Жиында «Рухани жаңғыру» аясында жастардан өтініштер көп түсті. Оның ішінде қалалық жоғары оқу орнының Жастар ұйымдары комитеттерінің төрағалары, «Жас Отан» жастар қанаты Бостандық аудандық филиалының, оқушылардың «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымдарының басшылары қатысып, шара жұмысында белсенділік танытты.

- Ұлттың жаны, рухының үні, алтын қоймасы – тілі. Жастарға ай­тарым «Білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық болуы керек. Біз бәріміз қазақ тілінің құдіреттілігін, әуезділігін, байлығын, шұрайлылығын елге жеткізіп айта білуіміз керек. Қазақ тілі – жүрек, өзге тілдер оған тірек», – деді белгілі тіл жанашыры Асылы Осман.

Конференция ҚазИТУ сту­денттерінің орындауындағы патриоттық әндермен аяқталды. Пленарлық мәжіліс, секция және «Дөңгелек үстел» жұмыстарында барлығы 50-ден астам баяндама жасалды.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары