«Астана» медициналық университетінен студенттерді шығару фактісі бойынша тиісті комиссия құрылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.
«Былтыр біз аталған университетке барып, жұмыстарын тексеріп, оларға балаларды оқудан босату бойынша нұсқама бердік. Бұл нұсқама ішінара орындалды. Студенттердің бір бөлігі өздерінің құқықтарын қорғау аясында сотқа жүгінді. Дегенмен де, нұсқама орындалуы тиіс. Бұл университет студенттерді оқудан босатуын дұрыс шешім деп санаймыз. Енді біз Денсаулық сақтау министрлігімен және университетпен бірге тиісті комиссияны құруымыз керек. Осы орайда оқу орны мен студенттерге қатысты қандай құқықтық қадамдар қабылдау керектігін талқылау маңызды», - деді Сағадиев.
Сонымен қатар, министр аталған мәселе бойынша өзге де оқу орындары тексерілетінін атап өтті. Студенттер тарапынан жалған IELTS сертификаттарын алуы фактісі бойынша құқық қорғау органдары айналасып жатыр.
Сонымен қатар, ведомство басшысы сертификаттардың тұпнұсқа екенін университеттер балаларды оқуға қабылдау кезінде тексеруі тиіс екенін атап өтті. Бүгінде «Астана» медициналық университетінің лицензиясын қайтарып алуға қатысты шешім жасалмаған. Алдымен құқықбұзушылықтың мән-жайы егжей-тегжейлі зерттеледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Астана медицина университеті» АҚ-ға түсу үшін IELTS сертификатын сатып алған 100-ден астам студент оқудан шығарылды.
Дереккөз: Қазақпарат