$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында орамал тағатын оқушылар келесі сыныпқа өтпеуі мүмкін

Ақтөбе облысында орамал таққан оқушылар келесі сыныпқа өтпеуі мүмкін деп жазады Мой Город.

Ақтөбе мен Шалқардың 6 оқушысы биыл қазан айынан бері сабаққа қатыспаған.

«Олар 1-6 сынып аралығындағы оқушылар. Қыздардың сабақ үлгерімі өте жақсы болатын. Ата-аналары мектеп формасын кигізбегені үшін сабаққа кіргізілмеді. Үйден оқыды. 20-маусым оларды аттестациядан өткіземіз. Тапсыра алмаса, келесі сыныпқа өтпейді», – деп мәлімдейді облыстық білім басқармасы.

Айта кетейік, бұған дейін облыста орамал таққан оқушылар саны 340 болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары