$ 487.37  532.94  5.09

Қазақстанда көмірден жанармай өндірілетін болады

Қазақстанда көмірден сұйық жанар-жағармай өндірілуі мүмкін. Бүгін бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Такир Балықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады 24.kz

«Көмірден бензин немесе сұйық жанармай жасау бүгінде кішігірім жоба ретінде енгізіліп жатыр. Сонымен бірге асфальтқа қоспалар қосу деген үлкен жоба бар. Қазір ол да іске асып, бір жолға қойылып жатыр. Энергетикалық өнімділікті ғана емес, энергияны үнемдеуге мүмкіндік беретін ғалымдардың зерттеулері бар», – деді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Такир Балықбаев.

Алайда ол жобаның қалай және қашан жүзеге асатынына қатысты нақты белгісіз. Сонымен қатар, жақын болашақта күкірттен жасалатын арнайы батареялар шығарылатын болады . олар энергияны көбірек үнемдейтін болады. Мұндай жобалардың барлығын  министрлік пен Дүниежүзілік банкі бірлесіп жүзеге асыруда. Тағы бір жоба контрафактілі өнімді анықтайтын құрылғы. Вайпон деп аталатын мобильді қосымша іске қосылып, ол штрихкод арқылы тауардың түпнұсқа екенін анықтай ала алады. Бүгінде технологияларды коммерцияландырудың арқасында отандық ғалымдардың 65 ғылыми әзірлемесі 6 млрд теңгеге қаржыландырылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары